Qazaq Air
QAZAQ AIR — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан және көрші мемлекеттердің шекаралас аумақтарында өңіраралық әуе қатынасының қауіпсіздігі мен қолжетімділігін жоғары халықаралық және ұлттық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес арттыру мақсатында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құрған өңіраралық әуе компаниясы. Басты миссиясы – Қазақстан Республикасының өңірлерін біріктіре отырып, олардың экономикалық дамуына үлес қосу.
"Qazaq Air" АҚ | ||
---|---|---|
ИАТА IQ | ИКАО ZXZ | Шақыру белгісі SAMRUK |
Құрылған жылы | 1 сәуір 2015 | |
Қызметін бастады | 27 тамыз 2015 | |
Әуе паркінің саны | 5 | |
Ұшу бағыттарының саны | 25 | |
Компания ұраны | Мы лучше, мы ближе | |
Штаб-пәтері | Астана, Қазақстан | |
Басшылары | Наурызбаев Еркін Анесұлы[1] | |
Сайты: http://www.flyqazaq.com/ |
QAZAQ AIR Әуе транспортының халықаралық қауымдастығының (IATA) 293-мүшесі
Тарихы
өңдеу2015 жылы 27 тамызда QAZAQ AIR Әуе компаниясының алғашқы рейсі жасалды. Осы жылы Алматыны Павлодар, Шымкент, Қостанаймен, Шымкентті Ақтөбе мен Павлодармен, Ақтөбені Атырау мен Қостанаймен жалғайтын рейстер іске қосылды. 2015 жылы 4 айда Әуе компаниясы 30 мыңнан астам жолаушы тасымалдады. QAZAQ AIR даму тарихы дәл осы сәттен бастау алады.
2016 жыл. Әуе компаниясы 5 жаңа маршрутты іске қосты. Оның қатарында Атыраудан Орал мен Ақтауға қатынайтын тұрақты рейстер бар. Орал – елдің батыс бөлігіндегі маңызды экономикалық орталық болса, енді оның мұнайдың басты орталығы – Атыраумен ыңғайлы әуе байланысы бар. Қазақстандық тәжірибелі ұшқыштар қызметке алынып, олар Әуе компаниясының кемелерін басқару үшін қайта оқытылды. Билет сату мүмкіндігіне ие қазақстандық ірі туристік онлайн-агенттіктер біріктірілді.
2017 жыл. Жолаушылар саны 251 мыңнан асып, маршрут желісін белсенді дамыту жұмыстары жалғасын тапты. Жаңа 6 бағыт ашылды. Атап айтқанда, Астана әуежайынан шығатын маршрут желісі 7 бағытқа дейін артты: Алматы, Шымкент, Жезқазған, Ақтөбе, Атырау, Қостанай және Павлодар қалаларына. Алматыдан Қызрғызстандағы Ыстықкөл әуежайына қатынайтын халықаралық чартерлік рейстер бағдарламасы орындалды.
2018 жыл. Компания өндірістік қауіпсіздікті сертификаттаудан сәтті өтіп, Әуе транспортының халықаралық қауымдастығының (IATA) IOSA-сертификатына ие болды. Әуе компаниясының қосымша қызметтерінің тізімі кеңейтілді, оларға (ұшақ салонында орын таңдау, үй жануарларын тасымалдау және тағы басқа) онлайн тапсырыс беріп, төлем жасауға болады.
2019 жыл. Флот екі жаңа әуе кемесімен толықты. QAZAQ AIR Әуе транспортының халықаралық қауымдастығының (IATA) 293-мүшесі болды. Компания бұл қауымдастықтың пайдалану қауіпсіздігі бойынша IOSA (IATA Operational Safety Audit) талаптарына сәйкестікке 2-аудитінен сәтті өтті. Астана қаласында өңіраралық хаб құру туралы шешім қабылданып, ол арқылы барлық өңірлерді астанамен байланыстыруға және транзиттік маршруттарды дамытуға жол ашылды. Бұл шешім авиациялық индустрияның әрі қарай дамуына оң ықпал етіп, қазақстандықтардың ел ішінде қолжетімді бағамен сапар шегуін жеңілдетті.
2020 жыл. Әуе компаниясы толықтай Астана қаласына көшті. Әуе билеттерін брондау жүйесі мен flyqazaq.com веб-сайты жаңартылып, жиі ұшатын жолаушылар үшін IQ Bonus бейілділік бағдарламасы іске қосылды. Бір бағытта тиімді сапарларды ұйымдастыру мақсатында «Іскери әуе билеті» қызметі енгізілді. 16-22 жас аралығындағы және 60 жастан асқан жолаушыларға тиімді саяхаттау үшін арнайы жеңілдігі бар тариф әзірленді.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 278 мың жолаушы тасымалданып, 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсім 88% көрсеткішке ие болды. 2015 жылдан бастап жолаушылар тасымалы оң динамиканы көрсетіп отыр.
Бүгінде авиациялық техниканы жөндеу мен оларға техникалық қызмет көрсету бойынша өзіндік сертификаттау ұйымы жұмыс істейді. Биыл Әуе компаниясын Қазақстан Авиация әкімшілігі пайдаланудағы әуе кемесінің De Havilland Dash-8 400 типі бойынша авиациялық техниканы жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету бойынша сертификаттады. Барлық ұшақтар қазақстандық тіркеуге өтіп, жаңарған UP авиациялық префиксін (Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің мемлекеттік тану белгісін) иеленді.
Бағыттар
өңдеуQazaq Air маршруттық желісі келесі бағыттарды қамтиды:
1) Нұр -Сұлтан - Алматы, Балқаш, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Жезқазған, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл,
Павлодар, Семей, Өскемен, Үшарал
2) Алматы - Шымкент, Қызылорда, Балқаш, Семей, Өскемен
3) Атырау - Ақтау, Ақтөбе, Орал
4) Қарағанды - Жезқазған, Өскемен - Қарағанды
5) Астанадан Омбы мен Новосибирскке халықаралық рейстер
Қызметкерлер
өңдеу2020 жылдың соңында қызметкерлердің жалпы саны 280 адамға жетті. Оның 74 -і әкімшілік қызметкерлер
және 206 өндірістік персонал. Авиакомпанияда 52 ұшқыш, 51 бортсерік, 14 инженер және
2 механик. Персоналдың гендерлік құрылымы - 130 әйел және 150 ер адам.
Ұшақтар паркі
өңдеуQAZAQ AIR әуе флоты Қазақстан әуе компаниялары арасындағы ең жасы болып келеді және Канадада жасалған үш заманауи, жайлы De Havilland Dash-8-Q400NG турбовинтті лайнерінен (бұрын Bombardier Q400 ретінде белгілі болған) тұрады. Бұл ұшақ қысқа қашықтыққа пайдалану кезіндегі бірқатар айқын артықшылықтарға ие. Оның басты жетістіктері – үнемділігі, жылдамдығы, ұшу ұзақтығы мен жолаушылар сыйымдылығы. De Havilland Dash-8-Q400NG өңірлік авиация үшін таптырмас әуе кемесі және бүкіл әлемде бұл бағытта кеңінен қолданылады.
Жолаушылар ағынының артуына және Қазақстан аумағында да, шекаралас аймақтарда да әуе тасымалына сұраныстың болуына байланысты, авиакомпания өзінің паркін 3 жаңа ұшаққа көбейтуді жоспарлап отыр.
Ұшақ | Ұшақ нөмірі | Жолаушылар саны | Шыққан жылы |
---|---|---|---|
De Havilland Canada Dash 8-400 | UP-DH001 | 78 | 2015 ж. |
UP-DH002 | 78 | 2015 ж. | |
UP-DH003 | 76 | 2015 ж. | |
UP-DH004 | 86 | 2019 ж. | |
UP-DH005 | 86 | 2019 ж. |
Статистика
өңдеуДереккөздер
өңдеу- ↑ Qazaq air впервые возглавил казахстанец (5 қазан 2022).