Басқа мағыналар үшін Есім (айрық) деген бетті қараңыз.

Есім, ат — адамға туған кезінде берілетін дербес атау. Арнаулы заң талаптарына сәйкес әр азамат өз атынан құқылар мен міндеттер иеленіп, әрекет етуге тиіс. Кей реттерде лақап (бүркеншік) атты пайдалануы мүмкін. Азаматтар заңда белгіленген тәртіппен өз есімдерін өзгерте алады. Бірақ бұл оның бұрынғы атпен иеленген құқылары мен міндеттерін доғаруға не өзгертуге негіз бола алмайды. Адамның туған кезінде алған есімі, аты-жөні (ныспысы) азаматтық хал актілерін тіркеу ережелеріне сәйкес ресімделеді. Өзге біреудің атын пайдаланып, белгілі бір құқылар мен міндеттерді иеленуге, іс-әрекет жасауға рұқсат етілмейді. Өзге біреудің есімін пайдалану немесе бұрмалау арқылы оған зиян шектірген, ар-намысына тиіп, іскерлік беделіне нұқсан келтірген адам заң жүзінде жауапкершілікке тартылады.

Түрлері

өңдеу
  • Негізгі есім - трансформациялар нәтижесі емес есім, затты тура және тікелей атайды.
  • Деминутивтік есім - сыйлау-еркелету нышанды кісі есімі ( Ванечка, Светочка, Қажеке (Қажыгали), Жәке (Жамбыл), Stevie (Stephen), Bobby (Robert)).

Сілтемелер

өңдеу

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том