MetroJet
Metrojet | ||
---|---|---|
ИАТА 7К | ИКАО KGL | Шақыру белгісі KOGALYM |
Құрылған жылы | 17 мамыр 1993 | |
Негізгі бағыттар | Анталия Барселона Бургас Даламан Пардубице Тиват Хургада Шарм-эш-Шейх | |
Әуе паркінің саны | 5 | |
Ұшу бағыттарының саны | 17 | |
Штаб-пәтері | Үлгі:Флаг, Мәскеу | |
Басшылары | Сергей Петрович Мордвинцев[1] | |
Сайты: metrojet.ru |
MetroJet (заңды атауы — ООО «Авиакомпания „Когалымавиа“»[2]) — чартерлік тасымалдау қызметін атқарған ресейлік әуе компания. Әуе компанияның штаб-пәтері Мәскеу қаласында орналасты[3]. Негізгі әуежайы мәскеулік «Домодедово» болды. 2017 жылдың 23 сәуріне сәйкес компанияның бас директор Сергей Мордвинцев[1] болып табылады. 2016 жылы 16 наурыз Ресей Федералды әуе көлігі агенттігі (Росавиация) әуе компанияға ішкі және халықаралық рейстерді орындауға тыйым салды.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Когалымавия» әуе компаниясы 1993 жылы 17 мамырда құрылды. Тұрақты рейстермен қоса әуе компания негізгі қызмет саласы ретінде чартерлің әуе тасымалдарын және мұнай-газ өндіру саласын қажетті тікұшақтардың жұмысын қамтамасыз етті.
«Когалымавиа» Когалым, Сургут және Нижневартовск қалаларынан Мәскеуге (Домодедово әуежайы), Анапа, Баку, Волгоград, Киев, Миниралды Сулар, Дондағы Ростов, Санкт-Петербург, Ақмешіт, Сочи және т.б. әуежайларға рейстерді орындаған. Бірнеше ұшақ экипажымен қоса басқа әуе компанияларға жалға беріліп, Иранжа рейстер орындаған. Әуе компания Ту-134, Ту-154, Challenger ұшақтары және бірнеше тікұшақ түрін қолданған.
2005 жылдың желтоқсанынан бастап «Когалымавиа» «Пулково» әуе компаниясымен Сургут - Санкт-Петербург бағытын қолдану бойынша код-шеринг келісіміне қол қойды. 2006 жылы «Когалымавиа» «ВИМ-Авиа» әуе компаниясымен бірігіп Сургуттан және Тюменьнен Мәскеу мен Сочиға соңғысына тиесілі Boeing 757 ұшақтарында рейстер орындады.
2009 жылы «Когалымавиа» «Сибирь» әуе компаниясымен бірігіп код-шеринг келісімі бойынша Сургут - Мәскеу - Суртуг рейсін орындады. Рейстер S7 және 7K кодтары бойынша «Сибирьге» тиесілі Airbus A319 ұшағында орындалды.
2006 жылдың мамырынан бастап жиі ұшатын жолаушыларды ынталандыратын «Премиум» бағдарламасы өз жұмысын бастады. Оның қатысушылар ресейлік рубльге алынған билет құнының 10 пайызын бонустың есепке алып, оны кейінрек басқа билеттің толық немесе ішінара бағасына жарата алатын.
2011 жылы 26 қыркүйекте «Когалымавиа» өзінің Анападан Сургутқа соңғы тұрақты рейсін орындады. Алайда әуе компания чартерлік әуе тасымалы нарығында осы мақсатқа арнайы алынған Airbus және Bombardier ұшақтарында рейстерін орындауды жалғастырды.
2012 жылы 1 мамырда әуе компания ребрендинг өткізіп, «Metrojet» жаңа атауына ие болды.
2012 жылдың жазынан 2014 жылдың 19 тамызына дейін әуе компанияның бірнеше ұшағы рейстерді германиялық TUI туристік концерінің брендімен орындады.
2015 жылы желтоқсанды Мысырмен және Түркиямен арадағы әуе қатынасы жабылғаннан кейін компания ұшуларын тоқтатты.
2016 жылы 15 наурызда Ресей Федералды салық қызметінің Мәскеу қаласы бойынша №9 инспекциясы Мәскеу Арбитражды сотына «Когалымавиа» әуе компаниясын банкрот етіп жариялау туралы арызын тапсырды. Компанияның әуе паркі тек бір ұшақтан тұрды. Ал 2016 жылы 16 наурызда Ресей Федералды әуе көлігі агенттігі (Росавиация) «Когалымавияға» рейстерді орындауға тыйым салғандығын жариялады.[4]
Қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Маршруттық желі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тұрақты сапарлар
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Әзербайжан:Габала
Украина Ресей Ақмешіт
Қыс 2013/14
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Домодедово» (Мәскеу) әуежайынан
Аустрия: Зальцбург
Мысыр: Хургада, Шарм-эш-Шейх
Түркия: Анталия
Испания: Барселона
Италия: Верона, Римини
Чехия: Пардубице
«Екатеринбург» әуежайынан
Мысыр: Шарм-эш-Шейх
«Қазан» әуежайынан
Мысыр: Шарм-эш-Шейх
«Минеральные Воды» әуежайынан
Мысыр: Шарм-эш-Шейх
«Нижний Новгород» әуежайынан
Мысыр: Шарм-эш-Шейх
«Пермь» әуежайынан
Мысыр: Шарм-эш-Шейх
«Самара» әуежайынан
Мысыр: Шарм-эш-Шейх
«Санкт-Петербург» әуежайынан
Мысыр: Хургада, Шарм-эш-Шейх
Испания: Барселона
Чехия: Пардубице
«Уфа»әуежайынан
Мысыр: Шарм-эш-Шейх
«Челябинск» әуежайынан
Мысыр: Шарм-эш-Шейх
Жаз 2014
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Домодедово» (Мәскеу) әуежайынан
Болгария: Бургас, Варна
Грекия: Ираклион, Корфу
Мысыр: Хургада, Шарм-эш-Шейх
Испания: Барселона, Ибица, Пальма-де-Мальорка
Италия: Римини
Түркия: Анталия, Бодрум, Даламан
Тунис: Энфида
Хорватия: Пула
Черногория: Тиват
Чехия: Пардубице
«Санкт-Петербург» әуежайынан
Түркия: Анталия
«Белгород» әуежайынан
Мысыр: Хургада, Шарм-эш-Шейх
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1998 жыл — «Крылья России» ұлттық премиясының нәтижесі бойынша «Жылдың ең тиімді әуе компаниясы» номинациясында жеңіске жетті.
- 1999 жыл — «Жыл әуе компаниясы — ішкі әуе желілерінің жолаушы тасымалдаушысы (2 топ)» номинациясының лауреаты.
- 2003 жыл — бір қызметкерге келетін тасымалданған жолаушылар саны сияқты көрсеткіш бойынша «Аэрофлот», «Сибирь», «ЮТэйр» әуе компанияларымен бірге үздіктер қатарында болды.
- 2005 жыл — жыл нәтижесі бойынша тасымалданған жолаушылар көлемі бойынша Ресейдің үздік жиырма әуе компаниясының қатарына кірді.
Әуе оқиғалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мешһедтегі Ту-154 авариясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2010 жылы 24 қаңтарда «Когалымавиаға» тиесілі Ту-154 ұшығы (авария кезінде Taban Air әуе компаниясының қолданысында болды) Мешһед қаласының әужайында өрескел қатты қонып, нәтижесінде шасси тіректері сынды және құйрық қауырсыны жұлынды. Қону ауа райы минимумнан төмен жағдайда болды, алғашында экипаж ауа райының нашарлауына байланысты Исфахандағы қосалқы аэродромға қонуды жоспарлаған, алайда жолаушылардың бірінің өзін жаман сезінуіне байланысты Мешһед әуежайына қону туралы шішім қабылданды. Авария нәтижесінде 46 адам жарақат алды, ешкім қайтыс болмады.[5].
Домодедовадағы авариялық қону
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2010 жылы 27 сәуірде Мәскеуден Хургадаға бағыт алған «Когалымавиа» әуе компаниясының Airbus А320 ұшағы Домодедово әуежайына авариялық түрде қонды[6].
Сургуттағы Ту-154 апаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2011 жылы 1 қаңтарда Ту-154Б-2 ұшағы Сургут - Мәскеу (Домодедово әуежайы) ресін орындау барысында Сургут әуежайында өртеніп кетті. Перронда ұшақ қозғалтқыштарын іске қосқаннан кейін оның құйрық бөлігі өртке оранды, нәтижесінде бүкіл фюзеляж өртеніп, жанармай багінің біреуі жарылды. Уақытылы өткізілген эвакуацияға қарамастан, 3 адам қаза тапты, шамамен 40 адам түрлі деңгейдегі жарақат алды. Ұшақ 10 минут ішінде өртеніп кетті. [7].
Синай түбегіндегі A321 апаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2015 жылы 31 қазанда Шарм-эш-Шейх — Санкт-Петербург 7K9268 рейсін орындап жатқан Airbus A321 (EI-ETJ) ұшағы жарылысқа ұшырады. Ұшақ бортында 224 адам болды, оның ішінде 217 жолаушы,25-і балалар, және 7-еуі экипаж мүшелері[8]. Апат Синай түбегі аумағында, Аль-Ариш қаласынан оңтүстікке 100 км жерде болды. Апат Ресей авиациясының тарихындағы ең ірі әуе апаты болып табылады[9][10]. РФ Федералды қауіпсіздік қызметінің ақпаратына сәйкес, апатқа себебші ұшақ бортына бомбаны енгізу арқылы жасалынған теракт болып табылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Kolavia сменила штурмана
- ↑ Сертификат эксплуатанта Мұрағатталған 10 маусымның 2015 жылы.
- ↑ Наш адрес Мұрағатталған 9 шілденің 2013 жылы.
- ↑ "Когалымавиа" запретили внутренние и международные рейсы. Интерфакс - interfax.ru (2016 жыл, 16 наурыз).
- ↑ По уточненным данным, Ту-154 развалился при незапланированной посадке в Мешхеде (орыс.). NEWSru.com (24 января 2010). Тексерілді, 19 сәуір 2014.
- ↑ Сидибе, Пьер. Самолет с россиянами не долетел до Хургады, Российская газета (27 сәуір 2010). Тексерілді 5 желтоқсанның 2015.
- ↑ Солист "На-На": Ту-154 развалился и сгорел за 10 минут, Вести.ру (1 қаңтар 2011). Тексерілді 5 желтоқсанның 2015.
- ↑ Рейтер: упавший на Синае российский самолёт полностью разрушен. РИА Новости. Тексерілді, 31 қазан 2015.
- ↑ Экипаж и пассажиры рейса «Когалымавиа» Мұрағатталған 2 қарашаның 2015 жылы.
- ↑ Life78 вспомнил крупнейшие российские авиакатастрофы Мұрағатталған 4 қарашаның 2015 жылы.