Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз.
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау.
I Раджараджа Чола - 985-1014 жылдар аралығында билік құрған, Чола империясының ұлы патшаларының бірі. Ол өз елін гүлдендіріп, үлкен империяға айналдырды. Таққа отырғанға дейінгі есімі - Арумоливарман. Раджараджа Чола солтүстікке- Чалукия, оңтүстікте Пандья елдерімен көптеген соғыс жүргізіп, оларды жеңді. Раджараджа Чола елді бірнеше ауданға бөліп басқару жүйесін енгізді. Салық жинауда көптеген жеңілдік жасады. Ол Танджавурде әйгілі Брихандишвара ғибадатханасын салдырды. Әскери жасағын толықтырып, соғыс жаттығуларын жүргізу істерін де қатар алып жүрді. Раджраджаның алғашқы жеңістерінің бірі - Керал жорығы. 1008 жылдары Чера әулеті билігіне қарсы шайқаста батыс таулы аймағындағы Удагайды басып алды. Кейбір тарихи жазбаларға сүйенсек, б.з. 993 жылы Раджараджаның қалың жасағы теңіз арқылы кемелермен Шриланкаға басып кіріп, Ланка патшалығын өртеп жіберген. Раджараджа Үндістанның оңтүстігіндегі Бенджи патшалығын жаулап алғаннан кейін Чола әулетінің негізі қаланды. Раджараджа Поллонарува жерінде Шиваға арнап ғибадатхана салдырған.