III Осман
III Осман осман. عثمان ثالث — Osmân-ı sâlis Мүміндер әмірі Екі киелі қаланың қызметкері | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
13 желтоқсан 1754 — 30 қазан 1757 | |||
(Лақап аты Сопы III Осман) | |||
Ізашары | I Махмұт | ||
Ізбасары | III Мұстафа | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 2 қаңтар 1699 Константинополь, Османлы мемлекеті | ||
Қайтыс болуы | 30 қазан 1757 (58 жас) Константинополь, Османлы мемлекеті | ||
Жерленді | Жаңа Уәлиде сұлтан мешіті, Ыстамбұл | ||
Династия | Османлы әулеті | ||
Әкесі | II Мұстафа | ||
Анасы | Шаһсуар сұлтан | ||
Жұбайы | Ләйлә сұлтан Зәукі сұлтан Ферхүнде Әмина сұлтан Мәриям сұлтан | ||
Қолтаңбасы | |||
III Осман Ортаққорда | |||
өңдеу |
III Осман (осман. عثمان ثالث — Osmân-ı sâlis; 2 қаңтар 1699 — 30 қазан 1757) — Османлы мемлекетінің 25-ші сұлтаны, Ислам халифатының 90-шы халифі.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]III Осман 1699 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны II Мұстафа шаңырағында дүниеге келді. Таққа отырғанға дейін елу жылдай кафесте қамауда отырды.
III Осман ән мен әншілерді жек көретін, және оларды Топқапы сарайынан қууды бұйырған. Сонымен қатар сұлтан әйелдер мен әйел қоғамын жек көрді. Сондықтан ол әйелдерге жақындағанда әйелдерді шегіндіру үшін шегелермен тағаланған аяқ киім киіп отырды.
Үш жыл ішінде III Осман жеті рет садрағзамдарды ауыстырды. Орнынан босатылған садрағзамның мүлігін өзінің қазынасының пайдасына тәркілеп отырды. Яһудилер мен христиандарға өте шыдамсыз болатын, және оларға киімде арнайы белгілер тағып жүруді бұйырған болатын.
Ажалы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1757 жылдың 30 қазанында сұлтан инсульттен қайтыс болды. Мәйіті Жаңа Уәлиде сұлтан мешітінің жаңында салынған мазарда жерленді.
Садрағзамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Есімі | Қызмет атқарған мерзімі | Уақыты |
---|---|---|---|
160 | Шорлылы Көсе Бахир Мұстафа паша | 13 желтоқсан 1754 — 16 ақпан 1755 | 2 ай |
161 | Хәкімұлы Әли паша | 16 ақпан 1755 — 19 мамыр 1755 | 3 ай |
162 | Наили Әбдулла паша | 19 мамыр 1755 — 24 тамыз 1755 | 3 ай |
163 | Силахдар Биік Әли паша | 24 тамыз 1755 — 23 қазан 1755 | 2 ай |
164 | Жиырмасегіззада Мехмет Сейіт паша | 25 қазан 1755 — 1 сәуір 1756 | 6 ай |
165 | Шорлылы Көсе Бахир Мұстафа паша | 30 сәуір 1756 — 3 желтоқсан 1756 | 8 ай |
166 | Қожа Мехмет Рағып паша | 12 қаңтар 1757 — 30 қазан 1757 | 10 ай |
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары | ||
---|---|---|
Ізашары I Махмұт |
III Осман 13 желтоқсан 1754 — 30 қазан 1757 |
Ізбасары III Мұстафа |
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит · V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф) | ||
Әулет · Шежіре · Санат |