Мазмұнға өту

Goodreads

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Goodreads
Түрі

Кітап

Құрылды

2006

Құрушы

Отис Чендлер, Элизабет Хури

Орналасуы

Сан-Франциско, АҚШ

Басшы компания

Amazon

Сайты

goodreads.com

Goodreads — пайдаланушыларына кітаптар базасын, аннотациялар мен рецензияларды еркін іздеуге мүмкіндік беретін "әлеуметтік каталогтау" уебсайты. Қолданушылар өз аккаунтарымен кіріп, кітаптарды тіркеп, сосын кітапхана каталогтары мен оқу тізімдерін құра алады. Сондай-ақ олар өз топтары, кітап ұсыныстар, сауалнама, дауыс беру, блогтар және талқылаулар құра алады. Сайт кеңселері Сан-Францискода орналасқан. Компания Амазон онлайн-ритейлеріне тиесілі.

Goodreads-ты 2006 жылдың желтоқсанында инженер-программист әрі кәсіпкер Отис Чендлер және Элизабет Хури құрды.[1] Сайт іске қосылған сәттен бастап тез танымал бола бастады. 2007 жылдың желтоқсанында сайттың 650 000-нан астам мүшесі болды[2] және 10,000,000-нан астам кітап қосылды.[3] 2012 жылдың шілдесінде сайт әкімшілігі 10 миллион қолданушы, айына 20 млн адам кіретінін және 30 қызметкер барын мәлімдеді.[4] 2013 жылы 23 шілдеде олардың сайтында пайдаланушылар базасы бар-жоғы 11 ай ішінде 2 есе көбейіп, 20 миллион мүшеге дейін жеткенін жарияланған болатын.[5] 2013 жылы 28 наурызда Amazon өзінің Goodreads-ты қосып алғаны туралы жариялады.[6]

Ерекшеліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кітаптарды анықтау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Goodreads сайтында пайдаланушылар өздерінің жеке кітап сөрелеріне кітап қосып, кітаптарды бағалап, рецензия жаза алады, достары мен кітап авторларының не оқып жатқанын көре алады, форумдар мен топтарда түрлі тақырыптағы талқылауларға қатыса алады, сондай-ақ олардың бұрын оқыған кітаптарына берген рецензияларына сүйене отырып алдағы уақытта оқуға кітап таңдауда ұсыныстар ала алады.[7] Пайдаланушылар өз профилдеріне достар қосқаннан кейін ол достарының сөрелері мен рецензияларын көре алады және достарының парақшаларына пікір қалдыра алады. Goodreads бірден бес жұлдызға дейінгі бағалау жүйесін қолданады, және ол бағалауға жазбаша пікір де қоса алады. Сайт әдепкі күйінде "оқылған" (read), "оқылуда" (currently-reading) "оқу керек" (to-read) деген сөрелер ұсынады, сонымен қатар қолданушыға каталогтау үшін өзіне ыңғайластырылған сөрелер жасауына да мүмкіндік береді.[8]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. About Us. Goodreads. Тексерілді, 20 желтоқсан 2012.
  2. Good reads: book nerds social networking, TechCoastReview, http://www.techcoastreview.com/2007/12/good-reads-book-nerds-social-networking.html, retrieved September 17, 2007 
  3. Goodreads Raises Angel Round To Help You Find That Perfect Book. Tech Crunch. Тексерілді, 22 қазан 2012.
  4. Lee, Ellen. Goodreads' Otis Chandler reviews growth, SF Gate (July 21, 2012). Тексерілді 22 қазанның 2012.
  5. Chandler, Otis Goodreads Grows to 20 Million Readers (July 23, 2013).
  6. Olanoff, Drew Amazon Acquires Social Reading Site Goodreads, Which Gives The Company A Social Advantage Over Apple. SF Gate. Тексерілді, 22 қазан 2012.
  7. Goodreads. Тексерілді, 29 қараша 2012.
  8. Groups. Goodreads. Тексерілді, 15 қараша 2011.