12 сәуір
Навигацияға өту
Іздеуге өту
|
Сәуірдің 12 — Григориан күнтізбесінде жылдың 102-ші күні (кібісе жылдарда 103-ші). Жылдың аяғына 263 күн қалады.
Мерекелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстан — Ғылым қызметкерлері күні
- БҰҰ: Халықаралық адамның ғарышқа ұшу күні
- FAI: Дүниежүзілік авиация мен ғарыштану күні
- Ресей — Ғарыштану күні
- Ливан — Ұлттық азат күні (1980).
- АҚШ — Юрий түні
- Украина — Зымырандық-ғарыштану саласы жұмыскерлері күні.
Оқиғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1815 — Тамбора жанартауы атқылауы (басы 5-де, кульминациясы — 10 сәуірде) нәтижесінде шамамен 10 000 адам бірден қаза болса, 80 мыңы артынан (цунами мен аштық салдарынан) көз жұмған.
- 1903 — Лондонда алғашқы қоғамдық көлік ретінде ішкі жану двигателді автобус маршруты шықты.
- 1992 — Париж түбінде «Еуро-Диснейленд» ашылды.
- 2005 — Intel екіядролы процессор Pentium 4 Extreme Edition 840 бұқараға таныстыра бастады.
Туғандар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1871 жыл — Иоаннис Метаксас, гректің әскери және мемлекет қайраткері, генерал, (1936-41) премьер-министр
- 1899 жыл - Қаныш Сәтбаев, қазақ және Кеңес Одағының геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.
- 1936 жыл — Қазбек Есенжанұлы Жауғаштин,технология ғылымдарының докторы (1973), професор (1986).
- 1980 жыл — Мұрат Тілешев, Қазақстан футболшысы
Қайтыс болғандар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1971 — Игорь Евгеньевич Тамм (1895 жылы туған), орыс физигі, Нобель сыйлығы лауреаты (1958).