Әуе транспортының халықаралық қауымдастағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Әуе Транспортының Халықаралық Қауымдастағы


Құрылуы1945 ж сәуір , Гавана, Куба
Бас кеңсесіМонреаль, Канада
Мүшелері225 әуе компания
Іргелі адамдарыДжованни Бисинани
Ресми торабыhttp://www.iata.org

Әуе Транспортының Халықаралық Қауымдастағы (ИАТА) халықаралық индустиялық сауда тобы. Оның штаб пәтері ИКАО орталығындай Канададағы Монреальда орналасқан. ИАТАның басты миссиясы болып авияция индустриясына қызмет көрсету оны алға тарту және қызығушылықтарын қорғау болып табылады. ИАТА 101 оффисімен 150 елде орналасқан 230 әуекомпанияны біріктіреді. Бұл халықаралық бағыттарда ұшатын 93% әуекомпанияны құрайды.

Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы – 1919 жылы негізі қаланған және 1945 жылы ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін қайта құрылған барлық халықаралық авиа-тасымалдаушылардың дүниежүзілік ұйымы. ӘКХА – халықаралық рейстерді жүзеге асыратын авиациялық компаниялардың кәсіби ассоциациясы болып табылады. Оның басты қызметі – халықаралық коммерциялық авиациялық хабарларды реттеу, барлық мүшелеріне біртұтас ерержелер пен процедураларды еңгізу және халықаралық маршруттарға жолаушылар авиатасымалдарына келісімді тарифтерін орнату.

ӘКХА –ның жоғарғы органы – жыл сайыңғы Бас ассамблея, оған президент және атқарушы орган сүйенеді.

ӘКХА мақсаты – азаматтық авиация халықаралық ұйымдарының саясатын жүзеге асыру.

ӘКХА – бұл әуе тораптар маршруттарының әртүрлі комбинацияларын пайдалана отырып бір елден басқа елге адамдарды, пошталарды және жүктерді жеткізуге әрекеттесу. ӘКХА көліктік конференциясында қабылданған резолюциялар тек билеттерге ғана емес, сондай-ақ жол қағаздарына, жүк құжаттарына да қатысты.

Тарифтерді орнату — ӘКХА жұмысының маңызды құрамдас бөлігінің бірі. Барлық авиакомпаниялар арасында тарифтерді белгілеу қажеттілігі – бұл бір уақытта саясат, тәжіребие болып табылады, өйткені халықаралық авиакомпаниялары иелерінің – мемлекет өкіметімен бақыланады. Әрбір ел - өзінің кеңістігінің иесі, ол өзінің территориясына кіруге тыйым салу немесе рұқсат беруі мүмкін және өзіне ыңғайлы шарттарды қоюына болады.

ӘКХА – ның мүшелеріне — халықаралық әуе сапарларын жасайтын 259 авиакомпаниялар кіреді. Бұл авиакомпанияларының үлесіне халықаралық тұрақты хабарламалардың 95 %-не жуығы келеді.

ӘКХА – ның мүшесі және конференция қатысушысы болуы үшін авиакомпанияларының өкімет беретін, халықаралық азаматтық авиация ұйымына да келетін, тұрақты тасымалдауды растайтын сертификаты болуы керек.

ӘКХА бүкіл жер шарының аумағын 3 үлкен аймаққа бөледі:

Солтүстік және Онтүстік Америка және халықаралық линиядан шығысқа қарай тынық мухиттық аймақ бөлігі; Еуропа, Африка және Таяу Шығыс; Азия, Австралия және халықаралық линиядан бастықа қарай Тынық Мухиттық аймақ бөлігі. Туристтік агенттіктер ӘКХА – ның қызметіне оның арнайы бөлімшесі – авиакомпаниялар агенттіктерінің халықаралық ұйымы арқылы қатысады. Аккредитация процедурасынан өткен және тиісті белгілі-бір талаптарға сәйкес келетін әрбір турагенттікке – визиттық карточканың бір түрі ретінде номер беріледі және ол авиакомпаниямен және басқа салаларының қатысушыларымен есеп айырысуды жүзеге асырғанда пайдаланылады.

ИАТА 1945 жылдың сәуір айында құрылды. Ол 1919 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Халықаралық Әуе Траффик Қауымдастығының (International Air Traffic Association) орнын алды. Құрылған кезде ИАТА 31 елден 57 мүшеден құрылған еді. Олардың көбісі Еуропа мен Солтүстік Америкадан болған еді. Қазіргі уақытта қауымдастық 230 мүшені біріктіреді.

Миссиясы мен мүшелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ИАТАның басты миссиясы болып авияция индустриясына қызмет көрсету оны алға тарту және қызығушылықтарын қорғау болып табылады. ИАТА мүшелерінің толық тізбегін келесі сілтемеден көре аласыз:

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]