Мазмұнға өту

Әлқуат Дотаұлы Қазақбай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



Әлқуат Дотаұлы Қазақбай
Дүниеге келгені:

1972 сәуір
Жамбыл облысы Шу ауданы Абай

ауылы
Мансабы:

Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының «Тілеп» қобызшылар квартетінің көркемдік

жетекшісі

Әлқуат Дотаұлы Қазақбай 1972 жылы 29 сәуірде Жамбыл облысы Шу ауданы Абай ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Қазақбаев Дота, зейнеткер, Абай атындағы мектептің директоры болып жұмыс істеген, КСРО Ағарту үздігі, Жамбыл облысы Шу ауданының Құрметті азаматы. Анасы - Қазақбаева Құлдария, зейнеткер, мектепте жұмыс істеген.

Қазақ ұлттық музыка академиясының дәстүрлі музыка өнері факультетін бітірген (2003), қобызшы, әртіс-инструменталист, оқытушы.

«Даналар ой маржанын жіпке тізген» кітабының, «Қобызшы Тілөп Аспатайұлын білеміз бе?» мақаласының авторы. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан).

1991 жылдан - Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінің әртісі. 1998 жылдан - «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің әртісі. 2000 жылдан - Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрінің әртісі - Қазақ ұлттық музыка академиясының оқытушысы. 2008 жылдан - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қобызшылар квартетінің көркемдік жетекшісі. 2010 жылдан бері - Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының «Тілеп» қобызшылар квартетінің көркемдік жетекшісі.

ҚР Президенті сыйлығының лауреаты (2010). Діни көзқарасы - ислам. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикалық жағынан дамыған, мәдени және бай ел». Хоббиі - жеңіл атлетика, жүгіру, футбол. Сүйіп оқитын әдебиеті - қазақ және әлем әдебиеті. Үйленген. Жүбайы - Жүсіпжанова Айзат Жүсіпжанқызы (1978 ж. т.). Ұлдары - Дотаев Әкежан Әлқуатұлы, Дота Ерқуат Әлқуатүлы; қызы - Дота Жанызат Әлқуатқызы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2