Мазмұнға өту

Ұлытау облысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақстан облысы
Ұлытау облысы
Әкімшілігі
Облыс орталығы

Жезқазған

Аудандар саны

2

Ауылдық округтер саны

33

Кенттік әкімдіктер саны

2

Қалалық әкімдіктер саны

3

Ауыл саны

72

Әкімі

Дастан Рыспеков

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

8 маусым 2022 жыл

Жер аумағы

188,9 мың км² (5- орын)

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

221 395[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (76,16%), орыстар (14,29%), украиндар (2,96%), немістер (1,25%), татарлар (1,21%), беларустар (0,59%), корейлер (0,48%), басқа ұлт өкілдері (3,06%)[2]

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

20

Басқалары
Әкімдіктің мекенжайы

Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, №1

Ұлытау облысының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Ұлытау облысы

Ұлытау облысы — 2022 жылғы 8 маусымда құрылған Қазақстанның орталығындағы облыс.[3] Әкімшілік орталығы — Жезқазған қаласы.

Ұлытау облысы оңтүстігінде Түркістан, оңтүстік-батысында Қызылорда, оңтүстік-шығысында Жамбыл, батысында Ақтөбе, солтүстік-батысында Қостанай, солтүстігінде және шығысында Қарағанды облыстарымен шектеседі.

2022 жылғы 16 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына жолдауында Қарағанды облысының бөлігінен Ұлытау облысының құрылатынын айтты.

« Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім.
Қасым-Жомарт Тоқаев
»

Облыс Қазақстан президентінің жарлығына сәйкес 2022 жылғы 8 маусымда құрылды. Айта кетерлігі, оның аумағы бұрынғы Жезқазған облысының аумағынан кішірек (1997 жылға дейін Шет, Ақтоғай аудандары, Балқаш және Приозерск қалалары да енген).

Әкімшілік-аумақтық құрылысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Облыстың әкімшілік бөлінісі (2022 жыл)

Облыс 2 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қаладан тұрады:

Әкімшілік бірлік Аумағы
км²
(1 қараша 2019)[4]
Халық
саны
(1 қаңтар 2022)[5]
Халық
тығыздығы
адам/км²
1 Жаңаарқа ауданы 62 347,81 34 758 0,56
2 Ұлытау ауданы 122 931,05 12 351 0,10
3 Жезқазған қаласы 1 760,97 91 619 52,03
4 Қаражал қаласы 792,43 18 699 23,60
5 Сәтбаев қаласы 1 104,35 69 571 63,00
Барлығы 188 936,61 226 998 1,20

Әкімдерінің тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Берік Әбдіғалиұлы (11 маусым 2022 – 9 қазан 2024)
  2. Дастан Адайұлы Рыспеков (9 қазан 2024 жылдан бастап)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]