Қосаржұлдыз
Қос жұлдыз[1] — кеңістікте бір-біріне жақын орналасқан және құраушылары өзара физикалық тартылыс күштерімен байланысқан қос жұлдызды жүйе.
Егер екі жұлдыздың өзара байланысы болмаса, тек көзбен қарағанда ғана бірге көрінетін болса, онда оларды Қос жұлдыз деп атаймыз. Қос жұлдыздың ең басты ерекшелігі екі жұлдыз бір-біріне арқандалып, бір біріне тіке әсер етіп, бірін бірі айналып жатуы. Екі жұлдыздың ішіндегі жарығырағы "негізгі жұлдыз", ал, екіншісі "ілесуші жұлдыз" деп аталады.[2] Оның құраушылары ортақ масса орталығы маңайынан эллипс бойынша айналып, Галактика кеңістігінде бірге қозғалады. Бірнеше құраушылардан тұратын қосаржұлдыздар еселі жұлдыздардың дербес тұрған түрі болып саналады.
Ашылу методикасы бойынша қос жұлдыз: көрінерлік (визуальды) қос жұлдыздар (олардың құраушыларын телескоптың көмегімен визуальды бақылауға немесе суретке түсіруге болады);
спектрлі қос жұлдыздар (қосарлану периоды ығысуы бойынша немесе олардың спектрлік сызықтарының жіктелуі кезінде байқалады);
фотометриялық қос жұлдыз (беттік құраушылар арасында температура айырмашылығы болғанда, көп түсті дәл электрфотометрия тәсілі оның жеке жұлдыздардан өзгешеліктерін көрсетеді) болып бөлінеді. Физикалық жүйе құрайтын қос жұлдыздар тобы физикалық қос жұлдыздар деп аталады. Физикалық жүйе құра алмайтын жұлдыздар оптикалық қос жұлдыздар деп аталады. Жұлдыздар массасын бағалайтын тәсілдер қос жұлдыздар массасын анықтауға негізделген.
17 ғасырдың орта кезінде Г.Галилей бірнеше қос жұлдызды ашты. 18 ғасырдың ортасына дейін не бары 20 шақты қос жұлдыз ашылса, 20 ғасырдың ортасына дейін шамамен 60000 көрінерлік қос жұлдыз белгілі болды. Қос жұлдыздардан басқа, қазір екіден көп жұлдыздардан құралған "Жұлдыздар шоғыры" да бар екені белгілі болып отыр. Қазақстанда қос жұлдыздарды зерттеумен Астрофизика институтының ғалымдары айналысады.[3]
Егер қос жұлдыздың мүшелерінің қашықтығы жақын, олардың сыртқы атмосферасына дейін тартылыс күш әсерін туғызып иліктіре алса, онда мұндай қос жұлдыздардың сапасы өзара ауыспалы болады. Бұл олардың әрқайсысы жеке тұрғандағыдан өзгеше сапалық сипатқа ие етеді. Мұндай қос жұлдыздардың әйгілісі Алголь, Арлан және Аққу Х-1 (олардың бір серігі Қара құрдым болуы мүмкін) қос жұлдызы белгілі. Кейбір галактикалық тұмандықтардың өзегі Қосаржұлдыздардан қалыптасқан, ол Ia алып жұлдыздары мен жаңа жұлдыздар тууының себебі есептеледі.
Байқалуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қос жұлдыз атауын (binary star) William Herschel 1802 жылы қойған. Ол былай жазады: "Егер, екі жұлдыз бір біріне өте жақын болса, белгілі уақытта басқа жұлдыздардың әсеріне ұшырамаса, олар екеуі бірлесіп бір жүйе құрайды, ортақ тартылыс күш оларды бір одақтасқа айналдырады. Оларды нағыз Қос жұлдыз деп атау керек; егер кез келген екі тұрақты жұлдыз өзара байланса, біз оларды қос жұлдыз деп атасақ болады"[4].
Қазіргі мағынасында, Қос жұлдыз атауы өзара ортақ өзекті орағытып айналатын бір жұп жұлдызды атаймыз. Қос жұлдыздар арасында телескоптың, немесе басқа күзету аспабының әсерінде қарамаққа қосарланған қос жұлдызда бар. Қазір тексерілген көптеген Қос жұлдыздың шынымен қос жұлдыз ба, әлде жай қарамаққа солай көрінетін оптикалық қос жұлдыз ба, толық айқындалып біткен жоқ.</ref>[5][6][7]
Алғаш байқалған Қос жұлдыздар Мицар және Крест2 Қос жұлдыздары. Мицар Қос жұлдызын Giovanni Battista Riccioli 1650 жылы темірқазық (Үлкен аю шоқ жұлдызы) жақтан байқады.[8][9] Дегенмен, оны Г.Галилей бұрынырақ байқаған болуы мүмкін.[10] Оңтүстік аспандағы Крест шоқ жұлдызынан жарқырағын Крест2 Қос жұлдызын 1685 жылы Фонтене әкей байқады.[8]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қадыкенов М.М. Қазақша-ағылшынша-орысша физика-техникалық сөздік — Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институты, 2010. — ISBN 9965-675-57-0.
- ↑ Pronounced Үлгі:IPA-en
- ↑ "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
- ↑ Herschel, William (1802). "Catalogue of 500 New Nebulae, Nebulous Stars, Planetary Nebulae, and Clusters of Stars; With Remarks on the Construction of the Heavens". Philosophical Transactions of the Royal Society of London 92: 477–528 [481]. Bibcode 1802RSPT...92..477H. JSTOR 107131.
- ↑ Visual Binaries. University of Tennessee.
- ↑ Binary and Variable Stars. Journey Through the Galaxy.{
- ↑ Heintz W. D. Double Stars — D. Reidel Publishing Company, Dordrecht, 1978. — P. 17. — ISBN 90-277-0885-1.
- ↑ a b The Binary Stars, Robert Grant Aitken New York: Dover, 1964, p. 1.
- ↑ Vol. 1, part 1, p. 422, Almagestum Novum Мұрағатталған 10 тамыздың 2011 жылы., Giovanni Battista Riccioli, Bononiae: Ex typographia haeredis Victorij Benatij, 1651.
- ↑ A New View of Mizar Мұрағатталған 7 наурыздың 2008 жылы., Leos Ondra, accessed on line May 26, 2007.
|