Қорқыныш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

ҚорқынышИндивидтің биологиялық не әлеуметтік тіршілігіне қатерлі жағдаяттарда туындайтын қауіп, қолайсыз эмоция. Қорқыныш бір нәрседен жүрексініп сескенгенде, шошығанда пайда болатын сезім, қауіп-қатер, үрей. Тіршілік үшін қауіпті факторлардың нақты әрекетінен болатын ауру не басқа да зардап түрлерінен ерекше қорқыныш олардан күн ілгері болады. Қатердің сипатына байланысты қорқыныш сезімінің қарқындылығы мен тән сипаты ерекшелігі алуан түрлі болады (қауіптену, қорқу, шошу, үрей). Егер қауіп негізі анық емес не ұғынылмаған болса, ондай күй алаңдау деп аталады. Функциялық тұрғыдан қорқыныш субъектіге алдағы қауіп туралы ескерту болады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Психология. Энциклопедиялық сөздік