Қайыңдар тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қайыңдар
Black Alder (Alnus glutinosa)
Black Alder (Alnus glutinosa)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Fagales
Тұқымдасы: Betulaceae
Джон Эдуард Грей
Тектері

Alnus - Alder
Betula
Carpinus
Corylus
Ostrya
Ostryopsis
Palaeocarpinus

Қайыңдар тұқымдасы (лат. Betulaceae) – гүлді өсімдіктердің қос жарнақты класына жататын шамшаттар (лат. Fagales) қатарына жататын бір үйлі, жапырақ тастайтын, желмен тозаңданатын өсімдіктер.


Негізінен Солтүстік жартышардың қоңыржай және салқын өңірінде (кейде Оңтүстік Азия мен Оңтүстік Американың таулы жерлерінде) өсетін 6 туысы 200-ге жуық түрі белгілі. Ал Қазақстанда 3 туысы (қайың, орман жаңғағы, қандыағаш), 17 түрі бар.

Тұқымдас өкілдерінің биіктігі 15 кейде 25–30 м-дей болады. Тамыры берік, жер бетіне жақын орналасады. Тамырында микориза (кейбір өсімдіктер тамырының саңырауқұлақ жіпшумағымен селбесіп өсуі) байқалады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, бөбешік жапырақтары (көпшілік өсімдіктер жапырағының түбін ала шығатын ерекше, әсіресе, жұптаса өсетін өсінді) ерте түсіп қалады. Гүлі ұсақ, реңсіз, дара жынысты. Аталық гүлшоғырының сырғасы ұзын, гүлдеген кезде төмен қарай салбырап тұрады, аналық гүлшоғырының сырғасы қысқа, едәуір тік, пішіні домалақ болады. Жемісі – жаңғақша.

Қайындар тұқымдасына жататын ағаштар 150, кейде 300 жылдай өсетін бағалы өсімдіктер. Олардың көп түрлері аязға төзімді. Қайың тұқымдасының өкілдерінің ағашы шаруашылық қажеттіліктерге, жиһаз жасайтын фабрикаларда, ағаш көмірі өндірісінде, дегть, жылулық үшін қолданылады. Қайың мен қандыағаш медицинада маңызды болып табылады. Қазақстанның Қызыл кітабына 4 түр енгізілген: қырғыз қайыңы (B.kirghisorum), талас қайыңы (B.talassica), ярмола қайыңы (B.jarmolenkoana), эндемді қандыағаш (Alnus glutinosa). Қайың қабығынан қарамай (деготь) алу ежелден белгілі, онымен дөңгелектерді, аяқ киімді майлаған. Ал қайың тозынан әсем қорапшалар, сөмкелер тоқылады. Онымен Солтүстік Америка үндістері каноэның (тез жүзетін қайық) сыртын қаптайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Энциклопедиясы
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Betulaceae