Қазақстандағы президент сайлауы (2019)
| ||||||||||||||
Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы | ||||||||||||||
2019 жыл 9 маусым | ||||||||||||||
Сайлау түрі | Президент сайлауы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Кандидаттар | 7 | |||||||||||||
Сайлау органы және нәтижелер | ||||||||||||||
Халық саны | 18 592 701 | |||||||||||||
Тіркелгендер | 11 960 364 | |||||||||||||
Сайлаушылар саны | 9 274 110 | |||||||||||||
77,5 % ▼ −17,7 | ||||||||||||||
Жарамды дауыстар саны | 9 216 610 | |||||||||||||
Бос және жарамсыз дауыстар | 57 500 | |||||||||||||
Науқан уақыты | 10 сәуір — 16 маусым 2019 | |||||||||||||
Дебат(тар) | 29 мамыр 2019 | |||||||||||||
Қасым-Жомарт Тоқаев – Нұр Отан | ||||||||||||||
Дауыс | 6 539 715 | |||||||||||||
70,96 % | ||||||||||||||
Әміржан Қосанов – Ұлт Тағдыры | ||||||||||||||
Дауыс | 1 495 401 | |||||||||||||
16,23 % | ||||||||||||||
Дания Еспаева – Ақ жол | ||||||||||||||
Дауыс | 464 714 | |||||||||||||
5,05 % | ||||||||||||||
Төлеутай Рақымбеков – Ауыл | ||||||||||||||
Дауыс | 280 451 | |||||||||||||
3,04 % | ||||||||||||||
Амангелді Таспихов – ҚРКФ | ||||||||||||||
Дауыс | 182 898 | |||||||||||||
1,98 % | ||||||||||||||
Жамбыл Ахметбеков – ҚКХП | ||||||||||||||
Дауыс | 167 649 | |||||||||||||
1,82 % | ||||||||||||||
Сәдібек Түгел – Ұлы Дала Қырандары | ||||||||||||||
Дауыс | 84 582 | |||||||||||||
0,92 % | ||||||||||||||
Әр өңір бойынша Қазақстан президентін сайлау нәтижесі | ||||||||||||||
Қазақстан Республикасының Президенті | ||||||||||||||
Босатушы | Сайланған | |||||||||||||
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр Отан |
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр Отан | |||||||||||||
өңдеу |
Бұл мақала келесі топтама бөлігі: |
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі |
---|
|
Қазақстан порталы |
Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы — 2019 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» №18 Жарлығына сәйкес 2019 жылдың 9 маусымында өтті. Сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатқалы уақытша президент болып тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге есептегенде жеті кандидат қатысты. Сайлау нәтижесіде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылар даусының 70,96 % иеленіп, ҚР 2-президенті болып сайланды. Нәтиже бойынша алғашқы үштікке 16,23 % көрсеткішпен өзін оппозиция өкілі деп санайтын Әміржан Қосанов пен Қазақстан сайлау тарихындағы алғашқы әйел - кандидат Дания Еспаева сайлаушылар даусының 5,05 % жинап енді.
Жаңа сайланған президентті ұлықтау рәсімі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті.[1]
Сайлау алғышарты
Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен ҚР Президентін сайлауда 5-мерзімге сайланған болатын. Аталған сайлауда ол сайлаушылар даусының 97,7 % жинаған[2]. Назарбаевтың өкілеттігі 2020 жылға дейін жалғасуы тиіс еді, алайда 2019 жылдың 19 наурызы ол өз өкілеттігін тоқтатуына байланысты[3], ҚР Конституциясына сәйкес қалған мерзімге уақытша президент болып Қасым-Жомарт Тоқаевты тағайындалды[4]. Кезекті президент сайлауы 2020 жылдың сәуір айында өтуі тиіс еді[5].
2019 жылдың 20 наурызы ЖСДП сайлау жүйесін авторизацияламауға және демократиялық институттарды күйшейту арқылы жүзеге асыруға шақырып, мәлімдеме жасады. Партия әділ әрі демократиялы президент және парламент сайлауын өткізуді ұсынды[6].
9 сәуір күні Тоқаев «саяси белгісіздікті» болдырмау үшін 2019 жылдың 9 маусымында мерзімінен бұрын сайлау өтетінін мәлімдеді[7]. Мемлекет басшысы мәлімдеме алдында 8 сәуір күні парламент сенатының төрайымы Дариға Назарбаевамен, премьер-министр Асқар Маминмен және Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми мен Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божкомен кеңескен[8]. Сондай-ақ 9 сәуір күні «Нұр Отан», «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік халық партиясы мен Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының жетекшілерімен кездесті[9].
Сайлау жүйесі
Президент 5 жылдық мерзімге қос-айналымды жүйе нәтижесінде сайланады. Егер бірде-бір кандидат 50 пайыздан артық дауыс жинамаса, ең көп дауыс жинаған екі үміткер арасында 2-айналым өткізіледі[10].
Қаржыландыру
Бастапқыда 2020 жылы өткізілмек болған сайлауға 8,8 млрд теңге жұмсау жоспарланған болатын. Алайда орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына 12 млрд теңге сұраған. Бұл туралы 11 сәуірде сенат отырысында қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтты. Қаржы министрлігінің есебінше, сайлау шығынының 70 % сайлау округтерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне жұмсалады[11].
15 сәуір күні Қазақстан Үкіметі сайлау өткізуге арналған қаржы қорынан 9,4 млрд теңгенің шығарылғандығын мәлімдеді; бұл ОСК сұраған қаржыдан 2,6 млрд-қа аз.[12]
Сайлау парақтарын басып шығаруға 132 млн 742 мың теңге жұмсалған. Елдегі сайлаушылар саны - 11 947 955 адам екендігі ескеріліп, оның үстіне артық 1 % бюллетень басып шығарылған. Бір бюллетень құны - 11 теңге.[13].
Сайлауды өткізу жоспары
2019 жылы 10 сәуірде Орталық Сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық және өткізу шараларының жоспары, сондай-ақ сайлау құжаттарының формалары бекітілді[14].
- 10 сәуір — 28 сәуір, сағат 18:00 дейін: кандидаттарды ұсыну;
- 11 мамыр, сағат 18:00 дейін: кандидаттарды тіркеу;
- кандидат тіркелген сәттен — 8 маусым, сағат 00:00 дейін: сайлау алдындағы үгіт;
- 28 мамыр: теледебат;
- 8 маусым: үнсіздік күні;
- 9 маусым, сағат 7:00 мен 20:00 аралығы: дауыс беру күні;
- 10 мен 11 маусым аралығы: алдын-ала сайлау нәтижесін шығару;
- 11 мен 16 маусым аралығы: сайлау нәтижесін анықтау және сайланған президентті тіркеу.
Үміткерлерді ұсыну және тіркеу
Тіркелген алты партияның бесеуі съезд өткізітіні жайлы мәлімдеді. «Нұр Отан» — 23 сәуір, «Ақ жол» — 24 сәуір, «Ауыл» — 25 сәуір, ал ҚКХП[15] мен ЖСДП[16] — 26 сәуір. «Бірлік» партиясы съезд өткізуге дайындық уақыты тым аз екендігін желеу етіп, сайлауға қатысудан бас тартты[17].
2019 жылдың 17 сәуірі «Ұлы Дала Қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі білестік тең төрағасы, жазушы — Түгел Сәдібекті президент үміткері ретінде ұсынды[18].
23 сәуір күні Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясынан сайлауға уақытша президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың түсетіндігін мәлімдеді[19]. ҚР "Сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес сайлауға түсетін кандидатқа қойылатын талаптардың бірі - үміткер соңғы 15 жылда республика аумағында тұруы қажет. Сол себепті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдегі дипломатиялық қызметі мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істеген уақытының қаншалықты есепке алынатынын сұрап, Конституциялық Кеңеске жүгінді[20]. 25 сәуір Конституциялық Кеңес он бес жылдыұ мерзімге Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналына жататын және оларға теңестірілген Қазақстан мүше болып табылатын халықаралық ұйымдар жанындағы лауазымдарға тағайындалған азаматтардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұру кезеңдері де есептелетіндігін мәлімдеді[21].
24 сәуір Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президенттікке кандидат ретінде «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы — Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты ұсынды. 24 сәуірде өткен «Ақ жол» партиясының съезінде мәжіліс депутаты — Дания Еспаеваның сайлауға түсетіндігі мәлім болды. Ол Қазақстан тарихындағы президент сайлауына түскен алғашқы әйел болды[22].
25 сәуір «Ауыл» партиясы сайлауға түсетін кандидат ретінде Төлеутай Рақымбековты ұсынды[23].
ЖСДП президиум ұсынған кандидаттың сайлауға түспейтіндігін мәлімдеп, өтетін сайлауға бойкот жариялады[24]
2019 жылдың 26 сәуірі Қазақстан коммунистік халық партиясының съезінде 2011 жылғы сайлауда қатысқан Жамбыл Ахметбеков партия атынан сайлауға түсетіндігі мәлім болды[25].
26 сәуір «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық бірлескен қозғалысы» РҚБ сайлауға түсетін кандидат ретінде Әміржан Қосановты ұсынды[26].
Тіркелген кандидаттар
Кандидат, саяси партия/бірлестік |
Саяси қызметі | Ұсынылған күні | Тіркелген күні | ||
---|---|---|---|---|---|
Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков (58) Коммунистік халық партиясы |
Мәжіліс депутаты (2012 – осы кез) |
26 сәуір 2019 | 6 мамыр 2019[27] | ||
Дания Мәдиқызы Еспаева (58) Ақ жол |
Мәжіліс депутаты (2016 – осы кез) |
25 сәуір 2019 | 4 мамыр 2019[28] | ||
Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов (55) Ұлт Тағдыры |
Журналист | 27 сәуір 2019 | 6 мамыр 2019[29] | ||
Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков (54) Ауыл |
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Төрағасы |
26 сәуір 2019 | 6 мамыр 2019[30] | ||
Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов (59) «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы» РКБ |
«Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мәжіліс депутаты (2004–2007) |
25 сәуір 2019 | 4 мамыр 2019[31] | ||
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (66) Нұр Отан |
Қазақстан Президенті (2019 – осы кез) ҚР Сенат Төрағасы (2007–2011 and 2013–2019) Женевадағы БҰҰ офисінің Бас директоры (2011–2013) Қазақстан сыртқы істер министрі (2002–2007) Қазақстан Премьер-Министрі (1999–2002) |
23 сәуір 2019 | 3 мамыр 2019[32] | ||
Сәді-Бек Түгел (64) Ұлы Дала Қырандары |
Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті | 22 сәуір 2019 | 3 мамыр 2019[33] |
Сәтсіз кандидаттар
- Талғат Файзоллаұлы Ерғалиев ("Қазақстанның құрылысшылар одағы" РЗТБ), бұрынғы Мәжіліс депутаты. Өз ұсынысын қайтып алды[34].
- Жұматай Әлиұлы Әлиев («Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі), Орталық Азия Университетінің ректоры. Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау бойынша лингвистикалық емтиханнан өте алмағандықтан, тіркеуден бас тартылды[35].
Сайлау науқаны
Сайлау алды үгіт-насихат 11 мамыр мен 2019 жылдың 8 маусым, сағат 00:00 дейін созылады[36].Науқанды бұқаралық ақпарат құралыдары көмегімен, көпшілік алдындағы үгіт-насихат шаралары, сондай-ақ кандидаттың не оның өкілінің сайлаушылармен жеке кездесуі, баспа, аудиожазба не басқа да үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы жүргізуге болады. Барлық БАҚ өкілдері нақты бір кандидатқа қарсы не жақтап үгіт жүргізбей нейтралитет ұстануы тиіс. 5 мамырға дейін басылымдар төлем мөлшері, эфир мен баспа алаңын ұсыну шарттары мен реті жайлы мәлімет жариялап, осы ақпарды ресми сайтта жариялануы үшін ОСК тапсыруы керек.
Сайлау қоры
Қазақстан ОСК қаулысына сәйкес Қазақстан Президентіне кандидаттың сайлау қоры көлемі 1 млрд 147 млн теңгеден аспауы тиіс. Оның ішінде кандидаттың өз қаржысы және оны ұсынған қоғамдық бірлестіктің салымы 510 млн теңгеден, ал ерікті қайырмалдық көлемі 637,5 млн теңгеден аспауы тиіс[37]. Заңнамаға сәйкес жасырын қайырмалдық жасауға тыйым салынады. Жасырын жасалған қайырмалдық республика бюджетіне енеді. Кандидаттың бұқаралық ақпарат құралдарындағы үгіт-насихатына жұмсалатын қаржы 7,3 млн теңгеден аспауы керек[38].
2019 жылдың 7 маусымына белгілі ақпарат бойынша ең көп қаражат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау қорына түсіп, 1, 147 млрд теңгені құраған, ал Әміржан Қосановтың қорына ең аз қаражат көлемі 112 млн теңге түскен; бұл көрсеткіш Нұр Отандық қарсыласынан 9,4 есе аз. Жиналған қаражаттың жалпы мөлшері 2 905 млрд теңге құрады, оның 2 848 млрд теңгесі жұмсалды[39].
Дебат
2019 жылдың 24 мамыры ҚР Орталық сайлау комиссиясы 29 мамыр күні Астанада президенттік сайлауға түсетін кандидаттар арасында телевизиялық пікірталас өтетіндігін мәлімдеді. Комиссия мүшесі Ләззат Сүлеймен телевизиялық пікірталастың "Хабар" агенттігі АҚ телевизиялық арнасы эфирінде көрсетілетіндігін және қазіргі уақытта сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстарды жүргізу тәртібін көздейтін регламент әзірленгендігін жеткізді[40]. Аталған регламент бойынша теледебат 3 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің атауы анықталған:
- 1-кезең: Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары. 1-кезеңнің өзі 2 айналымнан тұрады: бірінші айналымда әр кандидат сайлаушыларды өз сайлау алды бағдарламасымен таныстырса, екінші айналымда "сұрақ-жауап" түрінде пікірсайыс сессиясы болады. Кандидаттар өз оппоненттеріне екі сұрақтан қойып, сондай-ақ екі сұраққа жауап бере алады.
- 2-кезең: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы. Кезеңнің 1-айналымында кандидаттар тақырып бойынша сөз сөйлейді, ал 2-айналымда жүргізушілер қойған 1 сұраққа жауап қайтарады.
- 3-кезең: Сайлаушыларға арнау. Қорытынды кезеңде кандидаттар тікелей сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді.
Теледебат жоспарланған күні, сағат 18:00-де «Хабар» арнасында тікелей эфирде өтті. Теледебатқа тіркелген 7 кандидаттың төртеуі: Сәді-Бек Түгел, Әміржан Қосанов, Амангелді Таспихов пен Жамбыл Ахметбеков өздері қатысса, Қасым-Жомарт Тоқаев атынан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары – Мәулен Әшімбаев, Дания Еспаева атынан «Ақ жол» партиясының Төрағасы – Азат Перуашев және Төлеутай Рақымбековтың атынан «Ауыл» партиясының Төрағасы – Әли Бектаев қатысты. Аталған шараға 41 млн қаражат жұмсалды[41].
Сайлау нәтижесі
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мәліметтері бойынша сайлауда лауазым иеленушісі - Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Оны жақтап 6 539 715 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 70,96 пайызы берілді. Біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 11 960 364 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 9 274 110 адам немесе 77,5 пайызы қатысқан.
Кандидат | Партия/Бірлестік | Дауыс | % | |
---|---|---|---|---|
Қасым-Жомарт Тоқаев | Нұр Отан | 6 539 715 | 70,96 | |
Әміржан Қосанов | Ұлт Тағдыры | 1 495 401 | 16,23 | |
Дания Еспаева | Ақ жол | 465 714 | 5,05 | |
Төлеутай Рақымбеков | Ауыл | 280 451 | 3,04 | |
Амангелді Таспихов | «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» РКБ | 182 898 | 1,98 | |
Жамбыл Ахметбеков | Коммунистік халық партиясы | 167 849 | 1,82 | |
Түгел Сәдібек | Ұлы Дала Қырандары | 84 582 | 0,92 | |
Бос/Жарамсыз дауыстар | 57 500 | 0,63 | ||
Барлығы | 9 274 110 | 100 | ||
Қалыс қалғандар | 2 686 244 | 22,46 | ||
Тіркелген сайлаушылар | 11 960 364 | 77,54 | ||
Қайнары: ОСК(қолжетпейтін сілтеме) |
Ж. А. Ахметбеков | Д. М. Еспаева | А. С. Қосанов | Т. С. Рақымбеков | А. С. Таспихов | Қ.-Ж. К. Тоқаев | С. Түгел | Барлығы | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Аймақ | дауыс | % | дауыс | % | дауыс | % | дауыс | % | дауыс | % | дауыс | % | дауыс | % | дауыс бергендер |
Ақмола облысы | 13 124 | 3,05 % | 23 914 | 5,56 % | 45 802 | 10,64 % | 20 165 | 4,69 % | 9896 | 2,30 % | 314 859 | 73,16 % | 2599 | 0,60 % | 430 359 |
Ақтөбе облысы | 3794 | 0,79 % | 42 751 | 8,85 % | 69 472 | 14,39 % | 14 958 | 3,10 % | 9186 | 1,90 % | 340 979 | 70,62 % | 1680 | 0,35 % | 482 820 |
Алматы облысы | 10 138 | 0,81 % | 20 508 | 1,64 % | 207 431 | 16,60 % | 26 711 | 2,14 % | 8720 | 0,70 % | 967 042 | 77,40 % | 8895 | 0,71 % | 1 249 445 |
Атырау облысы | 1761 | 0,61 % | 11 126 | 3,86 % | 65 436 | 22,69 % | 3523 | 1,22 % | 4993 | 1,73 % | 199 718 | 69,24 % | 1882 | 0,65 % | 288 439 |
Батыс Қазақстан облысы | 2854 | 0,94 % | 4415 | 1,45 % | 63 355 | 20,85 % | 2923 | 0,96 % | 5159 | 1,70 % | 223 937 | 73,69 % | 1237 | 0,41 % | 303 880 |
Жамбыл облысы | 8341 | 1,45 % | 30 777 | 5,35 % | 96 415 | 16,76 % | 21 400 | 3,72 % | 10 757 | 1,87 % | 401 133 | 69,73 % | 6443 | 1,12 % | 575 266 |
Қарағанды облысы | 11 454 | 1,60 % | 44 526 | 6,22 % | 125 203 | 17,49 % | 21 762 | 3,04 % | 6299 | 0,88 % | 501 947 | 70,12 % | 4654 | 0,65 % | 715 845 |
Қостанай облысы | 2025 | 0,41 % | 43 789 | 8,96 % | 51 951 | 10,63 % | 14 131 | 2,89 % | 17 854 | 3,65 % | 357 633 | 73,17 % | 1365 | 0,28 % | 488 748 |
Қызылорда облысы | 2015 | 0,51 % | 16 783 | 4,22 % | 68 804 | 17,32 % | 3226 | 0,81 % | 2896 | 0,73 % | 299 192 | 75,32 % | 4333 | 1,09 % | 397 249 |
Маңғыстау облысы | 6158 | 2,32 % | 12 911 | 4,86 % | 86 958 | 32,73 % | 3069 | 1,16 % | 7236 | 2,72 % | 147 495 | 55,52 % | 1827 | 0,69 % | 265 654 |
Павлодар облысы | 4949 | 1,11 % | 27 450 | 6,16 % | 63 895 | 14,33 % | 16 923 | 3,79 % | 3226 | 0,72 % | 327 277 | 73,39 % | 2221 | 0,50 % | 445 941 |
Солтүстік Қазақстан облысы | 10 409 | 3,26 % | 9802 | 3,07 % | 32 754 | 10,26 % | 12 963 | 4,06 % | 19 419 | 6,08 % | 232 284 | 72,75 % | 1660 | 0,52 % | 319 291 |
Түркістан облысы | 10 684 | 1,07 % | 28 887 | 2,89 % | 178 498 | 17,88 % | 45 055 | 4,51 % | 10 788 | 1,08 % | 720 855 | 72,21 % | 3487 | 0,35 % | 998 254 |
Шығыс Қазақстан облысы | 15 838 | 1,93 % | 51 074 | 6,24 % | 126 339 | 15,43 % | 16 419 | 2,01 % | 10 566 | 1,29 % | 580 457 | 70,89 % | 18 102 | 2,21 % | 818 795 |
Астана қаласы | 15 026 | 3,23 % | 36 099 | 7,76 % | 91 038 | 19,57 % | 27 307 | 5,87 % | 11 536 | 2,48 % | 275 346 | 59,19 % | 8838 | 1,90 % | 465 190 |
Алматы қаласы | 39 375 | 6,70 % | 43 489 | 7,40 % | 50 366 | 8,57 % | 19 982 | 3,40 % | 30 560 | 5,20 % | 392 167 | 66,73 % | 11 754 | 2,00 % | 587 693 |
Шымкент қаласы | 9704 | 2,53 % | 17 413 | 4,54 % | 71 684 | 18,69 % | 9934 | 2,59 % | 13 807 | 3,60 % | 257 394 | 67,11 % | 3605 | 0,94 % | 383 541 |
Барлығы | 167 649 | 1,82 % | 465 714 | 5,05 % | 1 495 401 | 16,23 % | 280 451 | 3,04 % | 182 898 | 1,98 % | 6 539 715 | 70,96 % | 84 582 | 0,92 % | 9 216 410 |
Сайлаушылар келімі
2019 жылдың 9 маусымы өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға тіркелген сайлаушылардың 77,4 % дауыс берді[42]. Ең төмен келім көрсеткіші Қазақстанның ең ірі қаласы — Алматы тіркелді. Аталған қалада тіркелген сайлаушылардың тек 52,2 % дауыс берген. Ең көп келім 89,0 % көрсеткішпен Алматы облысына тиесілі екендігі анықталды.
Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар | Сайлаушылар | Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар | Сайлаушылар | ||
---|---|---|---|---|---|
Саны | %[42] | Саны | %[42] | ||
Ақмола облысы | 430 359 | 83,4 % | Ақтөбе облысы | 482 820 | 84,9 % |
Алматы облысы | 1 249 445 | 89,0 % | Атырау облысы | 288 439 | 71,2 % |
Батыс Қазақстан облысы | 303 880 | 66,3 % | Жамбыл облысы | 575 266 | 81,3 % |
Қарағанды облысы | 715 845 | 77,3 % | Қостанай облысы | 488 748 | 84,1 % |
Қызылорда облысы | 397 249 | 81,6 % | Маңғыстау облысы | 265 654 | 68,9 % |
Павлодар облысы | 445 941 | 81,2 % | Солтүстік Қазақстан облысы | 319 291 | 79,8 % |
Түркістан облысы | 998 254 | 84,8 % | Шығыс Қазақстан облысы | 818 795 | 84,9 % |
Алматы қаласы | 587 693 | 52,2 % | Шымкент қаласы | 383 541 | 52,2 % |
Астана қаласы | 465 190 | 68,9 % | Барлығы | 70,5 % |
Exit poll
2019 жылдың 9 маусымы сағат 7:00 мен 20:00 аралығы «Ел тірегі» заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 13 200, ал «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы[43] 12 мың сайлаушы арасында сауалнама жүргізді. Іріктеме қателігі шамамен +/- 3 %. Exit poll нәтижесі келесідей[44]:
Кандидат | «Қоғамдық пікір» институты нәтижесі |
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы нәтижесі | |
---|---|---|---|
Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков | 3,86 % | 3,06 % | |
Дания Мәдиқызы Еспаева | 5,32 % | 4,78 % | |
Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов | 15,39 % | 14,96 % | |
Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков | 3,03 % | 2,71 % | |
Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов | 1,41 % | 2,63 % | |
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев | 70,13 % | 69,94 % | |
Сәді-Бек Түгел | 0,86 % | 1,92 % |
Ұлықтау рәсімі
2019 жылдың 12 сәуірі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті. ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев Тоқаевқа жаңа сайланған президент куәлігін табыстады[45]. Ұлықтау рәсіміне ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, алайда шетел президенттері шақырту алмаған[46].
Құқық бұзушылық
Сайлауға дайындық
Сәуір соңында қазақстандық жоғарғы оқу орындарының бірінде аты-жөні көрсетілмеген сайлаушылардан қол жинау парағы анықталғандығы белгілі болған. Қазақстан орталық сайлау комиссиясы бұл парақ Төлеутай Сатайұлы Рақымбековқа тиесілі екенін растады[47].
Қазақстан Заңнамасына сәйкес сайлау науқаны барысында талаптарға сай емес сауалнама жүргізуге тыйым салынған. Әлеуметтік желілерде жүргізілген сауалнама да Заңнама талаптарына сай болмағандықтан, Қазақстанның екі азаматы 17 мамырда 15 АЕК мөлшерінде (37 875тг) айыппұл төлеуге тартылған[48].
Сайлау күні
Сайлау күні, яғни 9 маусым күні сайлау учаскелерінде дауыс беру үйшігіндегі сиясы "жанатын" қалам, алдын ала белгіленген бюллетеньдер, бір сайлаушының жәшікке бірден бірнеше бюллетень салуы, учаскеде тіркелмеген сайлаушылардың дауыс беруі секілді бірқатар құқықбұзушылықтар орын алған[49]. Алайда ОСК ресми хабары бойынша сайлау күні тек 16 құқық бұзушылық тіркелген.
Бақылау
2019 жылдың 6 маусымына белгілі ақпар бойынша Қазақстандағы Президент салауына бақылау жүргізуге бірнеше өкілдік қызығушылық танытқан, атап айтқанда: ТМД, ТМД парламент аралық ассамблеясы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Ислам ынтымақтастық ұйымы[50].
15 мамыр күні «Аманат» азаматтық платформасы Алматы қаласының 26 ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 этномәдени бірлестік өкілдері мен қалалық жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін бақылаушыларға арналған тренинг өткізілді. Дәл осы бағдарлама бойынша 10 мың тәуелсіз бақылаушы оқыту көзделіп отыр[51].
5 маусымға белгілі ақпар бойынша халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген бақылаушылар саны 967 адам[52], ал Сыртқы істер министрлігі 40-тан астам елден 227 шетел корреспондентін аккредитациядан өткізген.[53].
ЕҚЫҰ
2019 жылдың 8 мамыры ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстандағы Президент сайлауын бақылау жөніндегі өкілдігі құрылды. Өкілідік басшысы Ұршыла Әтсектің айтуы бойынша бақылаушылар тобында тек сайлауға дейін емес, сондай-ақ кейін де жұмыс атқаратын Ұлыбритания, Испания, Германия, Белорусь, Польша сарапшылары бар. Өкілдік құрамында барлығы 22 ұзақ мерзімді бақылаушы тіркелген[54].
Өкілдіктің 24 мамыр күні жасаған аралық есебіне сәйкес сайлау науқаны өте әлсіз жүргізілуде және тек үгіт парақтары мен жарнама тақтайларымен шектеліп қалуда. Сайлау науқанын жүргізу қатаң бақылауда, сондай-ақ кандидаттар тек жергілікті билік органдарынан 10 күн бұрын рұқсат алып қана көпшілікпен кездесіп, басқа да шаралар жүргізе алады.[55]
Наразылық пен сын
9 маусым күні Астана және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген наразылық әрекеттері болып өтті[56]. Алматыдағы наразылық әрекеттері 2017–2018 жылдары Сорос-Қазақстан қорының ұсынысымен сөз бостандығы мен жергілікті мәселелерді ұжымдық шешуге арналған қоғамдық орынға айналған «Астана» алаңы мен қос жағында орналасқан Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшелерінің бойында өткен. Ал Астанада Республика даңғылы бойындағы «Жастар» сарайының алдында өткен. Наразылық білдірушілерді ІІМ, полиция және Ұлттық гвардия бөлімшелері оқиға орнынан қоғам қауіпсіздігін және құқықтық тәртіп қамтамасыз ету желеуімен күштеп алып кеткен. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі хабарлауынша, Астанада қоғамға қарсы қозғалыс қатысушылары әрекет барысында қорғану мақсатында тәртіп сақшыларына тас және басқада қолға іліккен заттар лақтырып, бұрыштық бүріккіш қолданған-ды, соның салдарынан үш полиция қызметкері жарақаттанған[57][58]. ҚР ІІМ Бірінші орынбасары Марат Қожаевтың мәлімдеуінше 9 маусым күні наразылық барысында 500-ге жуық адам тұтқындалған[59][60]. Бұл ақпарат әйгілі The New York Times басылымында және басқа да шет ел басылымдарында жарияланған[61].
Ұсталғандар қатарында жергілікті және шетел журналистері де бар: «Vlast.kz» интернет-басылымының операторы, режиссер Екатерияна Суворова, «Азаттық» тілшісі Петр Троценко және саясаттанушы Димаш Әлжанов ұсталған[62]. France Press агенттігінде жұмыс істейтін Ұлыбритания жүрналисті Chris Rickleton өзінің «Twitter» желісіндегі парақшасына ұсталғандығын жариялаған[63]. Rickleton мен оның әріптесі іске Сыртқы істер министрі орынбасары Роман Василенко кіріскенге дейін жергілікті АІІБ-нда екі сағат өткізген.
10 маусым күні де наразылық әрекеттері жалғасын тапты. Наразылық білдірушілер сайлау қорытындысымен келіспейтіндігін және саяси жүйеге қарсылықтарын білдірген. Сол күні қазақ ақыны, оппозиционер Ринат Зайытов өзінің Instagram парақшасында кешкі сағат 18:00 «Алматы Арена» мұз сарайының маңында сайлау нәтижесі жайлы мәлімдеме жасайтындығы жайлы бейне жариялаған. Кейін желіде ақынның сөйлеп тұрған жерінен тәртіп сақшылары ұстап әкеткен бейне тарап, біршама өнер адамдары мен қарапайым халық ақынның босатылуын талап етіп, Алматы қаласы полиция басқармасының алдында жиналған[64]. Олармен полиция басқармасы бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев сөйлесті, жиналғандар тек Ринат Зайытов келгеннен кейін тарасқан[65]. ҚР ІІМ кеңесшісінің мәлімдемесі бойынша 10 маусым күні 200-ге жуық адам ұсталып, оның 150-і жауапқа тартылған[66]. Екі күн ішінде Алматы мен Астана қалаларында барлығы 700-ге жуық адам ұсталған[67]. Жаңа сайланған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наразылық білдірушілерді диалогқа шақырды[68].
БҰҰ мәлімдемесі
2019 жылдың 12 маусымы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы Қазақстандағы сайлау күні және одан кейінгі күндері өткен бейбіт шерулерде азаматтардың ұстылуын Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына қарама-қайша деп тауып, Қазақстан билігін адам құқықтары бойынша халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырды.
...БҰҰ Адам құқықтары Бюросы полиция бөлімшелерінде түнгі уақытта көбіне адвокаттың қатысуынсыз жедел соттардың өткенінен де хабардармыз. ...Бұл Қазақстанның адам құқығы бойынша алған міндеттемелеріне айқын қайшылық. Қазақстанды азаматтардың бейбіт жиын өткізу мен пікір айту еркіндігін сақтауға, азаматтарға конструктивті түрде саяси өмірге араласуға мүмкіндік беруге шақырамын.
Түпнұсқа (ағыл.)The UN Human Rights Office was also made aware about numerous expedited court proceedings held on the premises of police stations, conducted at night and in many instances without the presence of defence lawyers. ...This is an apparent contradiction with Kazakhstan’s obligations under international human rights law. I urge Kazakhstan to fulfil its legal obligations to respect and protect the rights to freedom of peaceful assembly, expression, and ensure the right to meaningful political participation
Мәлімдемеден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетовқа азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді және жазықсыз ұсталғандарды босатуын тапсырды[69]. 13 маусым күні Бас Прокуратура Астана мен Алматы қалаларында өткен "рұқсат етілмеген митингіге" қатысқаны үшін 957 адам әкімшілік жауапқа тартылғандығын мәлімдеді. Оның 670-і 6-15 тәулікке қамалып, 115-іне айыппұл салынған[70].
Дереккөздер
- ↑ Жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді
- ↑ Назарбаев президент сайлауының ресми түрде жеңімпазы атанды
- ↑ Нұрсұлтан Назарбаев Президенттік өкілеттігін тоқтатты. ktk.kz. Тексерілді, 19 наурыз 2019.
- ↑ Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кірісті
- ↑ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды
- ↑ Басқаша нұсқадағы авторитаризмге жол бермеу туралы. ЖСДП мәлімдемесі Мұрағатталған 3 мамырдың 2019 жылы.
- ↑ Тоқаев та кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады
- ↑ Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат, Мәжіліс, Үкімет пен Конституциялық кеңес басшыларын жинады
- ↑ Тоқаев Ақордада партия басшыларын қабылдады
- ↑ Electoral System of Kazakhstan Republic
- ↑ Министрлік: ОСК кезектен тыс президент сайлауына 12 млрд теңге сұрады
- ↑ Правительство планирует выделить на выборы 9,4 миллиарда тенге
- ↑ ОСК: Бюллетеньдерді басып шығаруға 132 млн теңге қажет
- ↑ Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекітті
- ↑ Қазақстан партиялары өз кандидатының аты-жөнін қашан жариялайды?
- ↑ ЖСДП президент сайлауына Ермұрат Бәпидің кандидатурасын ұсынады(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ "Бірлік" партиясы президент сайлауына қатысудан бас тартты
- ↑ Президент сайлауына алғашқы кандидат құжат тапсырды
- ↑ Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауына кандидат етіп ұсынды
- ↑ Тоқаев Конституциялық Кеңеске жүгінді
- ↑ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС РЕСПУБЛИКА ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӨТІНІШІ БОЙЫНША ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ Мұрағатталған 29 маусымның 2019 жылы.
- ↑ Ел тариxында алғаш рет әйел адам президенттіке үміткер ретінде ұсынылды
- ↑ "Ауыл" партиясы сайлауға Төлеутай Рақымбековті кандидат ретінде ұсынды
- ↑ ЖСДП президент сайлауына бойкот жариялады
- ↑ Коммунистер Жамбыл Ахметбековті президент сайлауына үміткер ретінде ұсынды
- ↑ "Ұлт тағдыры" Қосановты сайлауға кандидат ретінде ұсынды
- ↑ Жамбыл Аужанұлы Ахметбековты Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы
- ↑ Дания Мәдиқызы Еспаеваны Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы
- ↑ Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы
- ↑ Төлеутай Сатайұлы Рақымбековты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу және халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы
- ↑ Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы
- ↑ Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы
- ↑ Сәді-Бек Түгелді Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы
- ↑ АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
- ↑ Жуматай Әлиевті Қазақстан Республикасының Президенттігіне кадидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы
- ↑ Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды
- ↑ Президент сайлауы: әр кандидатқа бюджеттен 7,5 млн теңге бөлінуі мүмкін
- ↑ Әрбір президенттікке үміткер бюджеттен қаражат алды
- ↑ Қазақстан Республикасының Президентігіне кандидаттың сайлау қорына қаражаттың түскені және оның жұмсалуы туралы есебі aрнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары 23 тармағына сәйкес(2019 жылдың 7 маусымына ақпарат)
- ↑ https://kaz.nur.kz/1795823-prezident-sajlauy-29-mamyrda-mitkerler-arasynda-debat-tedi.html Президент сайлауы: 29 мамырда үміткерлер арасында дебат өтеді
- ↑ Президенттікке кандидаттардың теледебатына 41 млн теңге бөлінеді
- ↑ a b c ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылғы 9 маусымда болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы хабар. ҚР ОСК (10 маусым 2019). Басты дереккөзінен мұрағатталған 10 маусым 2019. Тексерілді, 10 маусым 2019.
- ↑ Тоқаев президент сайлауында 69,94% дауыс жинады - "Жастар" зерттеу орталығы
- ↑ https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/Exit-poll-natijes-jariyalandyi-298520/ Exit poll нәтижесі жарияланды
- ↑ Қазақстан тарихындағы екінші президент ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті
- ↑ Тоқаевтың инаугурациясына шетел президенттері шақыртылмаған
- ↑ Кандидаттың аты-жөні жоқ қол қою парағы кімге тиесілі?
- ↑ Әзірге сайлау туралы сауалнама жасаған екі адамға айыппұл салынды
- ↑ "Өшіргіш" қаламсап, алдын ала белгіленген бюллетень
- ↑ Қазақстандағы президент сайлауының әділдігін кімдер бақылайды?
- ↑ "Аманат" платформасы бақылаушыларға арналған тренинг өткізу идеяларының тұсаукесерін өткізді
- ↑ Осы апта – сайлау: қазақстандықтар нені білуі тиіс
- ↑ Президент сайлауында бақылаушы ретінде 40-тан астам елден 227 шетелдік корреспондент
- ↑ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ бақылаушылар миссиясының басшысы Қазақстанмен ынтымақтастықты оң бағалауда
- ↑ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы кезектен тыс президент сайлауына орай аралық есеп әзірледі
- ↑ Президент сайлауы күні наразыларды жаппай ұстады
- ↑ Екі қаладағы заңсыз шеруден 500-дей адам бөлімшеге жеткізілді – ІІМ Мұрағатталған 2 желтоқсанның 2020 жылы.
- ↑ Астанада митингіде үш полицей жарақат алды
- ↑ ІІМ: Астана мен Алматыдағы наразылықта 500-дей адам ұсталды
- ↑ Алматы мен Астанада заңсыз митингіге шыққан 500-дей адам ұсталды - ІІМ
- ↑ In Kazakhstan, 500 Detained After Protesting Election Seen as Shoo-In
- ↑ Жүздеген адам ұсталып, интернет жұмысы баяулаған күн
- ↑ Chris Rickleton жариялаған жазбасы
- ↑ Жүздеген адам ақын Ринат Зайытовты босатуды талап етті
- ↑ Ақын Ринат Зайытов келген соң полиция департаментіне жиналғандар тарады(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Митингіге шыққан 200 адамды басқа қалаларға апарып тастадық – Қожаев
- ↑ Екі күн ішінде 700 адам ұсталған: ІІМ митинг кезінде түсірілген видео жариялады
- ↑ Билік митингке шыға беретін халықты диалогқа шақырды(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді, ұсталғандардың нақты саны мен кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырдым.
- ↑ Бас прокуратура: "Заңсыз митингіге шыққан" 950-ден аса адам жазаланды
Сілтемелер
- Агрегатор и протоколы результатов выборов в Казахстане
- Фото протокола из Актау: 60% за лидера оппозиции при явке 32%.
- Еще раз о явке в Казахстане по областям
- В очередной раз доказываю, что результаты выборов в Казахстане были нарисованы - Журнал Александра Киреева: о политике, выборах и не только.
|