Қадыр Мырза Әлі
Қадыр Мырза Әлі | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Мансабы | |
Шығармашылық жылдары |
1948–2011 |
Бағыты |
өлең сөз, қара сөз, драма |
Жанры |
өлең, поэма, драма, мемуар, мақала |
Шығармалардың тілі | |
Дебюті |
«Көктем» жыр жинағы (1959) |
Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әли (5 қаңтар 1935 жыл, Жымпиты, Орал облысы - 24 қаңтар 2011 жыл, Алматы) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.[1]
Өмірбаяны
Байұлы тайпасының Байбақты руынан шыққан.[2]
- 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
- Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған.
- «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары.
- 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі.
- «Балауса» баспасының редакторы.
- Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі.[3]
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.
Шығармашылық жолы
Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.
Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармалары да жарық көрді. Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді.
Қадыр Мырза Әлінің көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғүламаларының талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударды. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды.
Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), Әзірбайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бұрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты.
Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді.
2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір томдығы орыс тілінде басылып шықты.[4]
Кітаптары
- «Жаңғалақтар» (1960);
- «Кішкене қожанасырлар» (1961);
- «Данышпан» (1961);
- «Ноян-қоян» (1962);
- «Алуан палуан» (1963);
- «Сабақ» (1964).
Жыр жинақтары
- «Ой орманы» (1965);
- «Дала дидары» (1966);
- «Ақ отау» (1968);
- «Домбыра» (1971);
- «Көш» (1973);
- «Жерұйық» (1976);
- «Алақан» (1977);
- «Қорамсақ» (1980, 1981);
- «Қызыл кітап» (1983);
- «Күміс қоңырау» (1970 — 1985);
- «Мәңгі майдан» (1993);
- «Биік баспалдақ» (1993);
- «Үкілі үзінділер» (1996);
- «Алаштың арманы» (2001);
- «Жазмыш» (2001);
- «Еңіреп өткен ерлер-ай» (2001);
- «Иірім» (2004);
- «Шырғалаң» (2004);
- «Алмас жерде қалмас» (2004).
Марапаттары
- «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы (1966).
- «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы (1980).
- Әлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық «АВЬЯАС» сыйлығы (1993).
- Қазақстанның халық жазушысы (1995).
- Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы (2001).
- Достық ордені.
- Парасат ордені.
Дереккөздер
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9"
- ↑ Бердалы Оспан. Руға бөліну керек пе?
- ↑ Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х
- ↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. «Алматыкітап баспасы», 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
Сыртқы сілтемелер
- Қадыр Мырза Әли Adebiportal.kz сайтында
- Қазақтың Қадыры Qazaqstan.tv сайтында
- Қоштасулар
|
- 5 қаңтарда туғандар
- 1935 жылы туғандар
- 24 қаңтарда қайтыс болғандар
- 2011 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша жазушылар
- Сырым ауданында туғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- КСРО жазушылары
- Қазақстан ақындары
- Қазақстан жазушылары
- Қазақстан халық жазушылары
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегерлері
- Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары
- Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері
- Достық орденінің иегерлері
- Парасат орденінің иегерлері
- Кеңсай зиратында жерленгендер
- Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматтары