Мазмұнға өту

Эмиль Дюркгейм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



Эмиль Дюркгейм

Эмиль Дюркгейм
Дүниеге келгені: 1858 ж. сәуірдің 15 (1858—04—15) (166 жас)
Эпиналь, Франция
Қайтыс болғаны: 1917 ж. қарашаның 15 (59 жаста)
Париж Франция
Ұлты: француздық
Мансабы: француз әлеуметтанушысы, саясаттанушысы

Эмиль Дюркгейм (1858-1917) - француз әлеуметтанушысы, саясаттанушысы. Дюркгейм негізінен ұжымдық сана рөлі, оның әртүрлі түрлерін зерттеген. Ол өз тұжырымындасында әлеуметтік шындықтың ерекше және тәуелсіз принципіне сүйенеді. Осы қағидаға сүйене отырып, ол қоғамды индивидтерден моральдық және күштік (физический) тұрғыдан жоғары қойды. Келесі ынтымақтастық - ең жоғаргы моральдық принцип ретінде қарастырылды. Қоғамдағы екі механикалық және органикалық ынтымақтастықты тұтас даму бөліктері деп көрсетті. Механикалық ынтымақтастық архаикалық қоғамға, индивидтердің, олардың қоғамдық функцияларының бір-біріне ұқсастығына және жете дамымағанына негізделді. Органикалық ынтымақтастық Дюркгейм бойынша қазіргі кезеңдегі қоғамдарға тән, ол еңбекті белуге негізделеді.[1]

1896 жылдан Бордо, 1902 жылдан Сорбонна университеттерінің әлеуметтану және педагогика профессоры, "Annес Sociologigue" журналының негізін салушы. Р. Декарт, К.А. де Р.Сен-Симон дәстүрін жалғастырып, Ш. Монтескье, Ж.Ж. Руссо И. Кант, Т. Спенсер, О. Конт, т.б. шығармаларын зерделеген. Ол негізінен, үжымдық сананың, оның әр алуан пішімдерінің (діннің, ахлақтың, құқықтың) рөлін зерттеді. Әлеуметтануды адам туралы ғылымдардың арасында жоғары бағалап, әлеуметтік болмыстың онтология проблемаларын түсіндіруге арқау етті. Әлеуметтанудағы биологиялық және психологиялық бағыттың редукциялык әдістеріне (барлық пәндер үшін ортақ тұжырым түю арқылы ғылыми білім бірлігі мәселесін шешуге арналған тәсілдер) қарсы шықты. Дюркгеймнің пікірінше, адам дегеніміз - жекеше және әлеуметтік қасиеттерді бойына жинақтаған екіұдай шындық (homo duplex), әсіресе, соңғысы адам болмысында басымдық иеленеді. Міне, сондықтан қоғам индивидтердің алуан түрлі өзара байланыстарының нәтижесінде пайда бола отырып, даралықтан тыс және даралықтан үстем болмысты құрайды. Дюркгейм "Әлеуметтанулық әдістің қағидасы" (1895) атты кітабында өзінің методологиясындағы басты қағиданы "әлеуметтік фактілерді заттар ретінде қарастыру керек" деп түйіндеді. Жалпы, Дюркгеймнің философияға көзқарасы екіұдай әрі қарама-қарсылықта болды. Бір жағынан, ол өзінің әлеуметтанулық тәсілдерінің әлдеқандай философиялық тұжырымдарға тәуелсіздігін ерекше қасиет тұтты, сол арқылы әлеуметтік философияның толып жатқан бөстекі ділмарлығын жек көретіндігін аңғартты. Екіншіден, Дюркгейм философиялық мәселелердің барлығын әлеуметтану ілімі тұрғысынан шешуге талпынды.[2]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7