Мазмұнға өту

Шұлым тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шұлым тілі
Өз атауы:

чулым тили[1], ӧс (июс) тил, татар тили[2][3]

Елдер:

 Ресей

Аймақтар:

Красноярск өлкесі
Томбы облысы

Сөйлеушілер саны:

44[4]

Күйі:

жойылып бара жатыр

Классификация
Санаты:

Еуразия тілдері

Алтай әулеті (даулы)

Түркі тармағы
Хакас тобы
Солтүстік алтай тобы
Жазуы:

кириллица

Тіл коды
ISO 639-1:

ISO 639-2:

tut

ISO 639-3:

clw

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Шұлым тілі (өз атауы чулым тили, ӧс (июс) тил, татар тили) — шұлымдардың тілі. Сібір түркі тілі, алтай тілдер әулеті түркі тармағы хакас тобына жатады. Шор тілі мен хакастардың кейбір диалектілеріне жақын.

Шұлым тілі Орталық Сібірде, Алтай тауынан солтүстікке Шұлым өзені алабында таралған. Барлық тіл иелері орыс тілінде де сөйлейді.

Шұлым тілі Шұлым өзені бойындағы сөйлеушілердің қоныстану аймақтарына сәйкес келетін бірнеше диалектілерден тұрады - орта шұлым (екі сөйлеу мәнеріне ажырайды - тұтал және мелет - және Томбы облысының Тегулдет аймағында кең таралған) және төменгі шұлым (кесік, күерік, йашын, шібін, ежін)[5]. Ортаңғы чулым -z- диалектісі болғандықтан, хакас диалектілеріне жатады. Төменгі шұлым -j- диалекті, солтүстік алтайға жатады.

Шұлым тілі жойылып бара жатқан тіл және ЮНЕСКО-ның жойылып кету қаупі бар тілдер Қызыл кітабіне енгізілген. Бәлкім, 25 жыл ішінде толығымен жойылып кетуі мүмкін. 2010 жылғы санақ бойынша 355 шұлымдықтардың тек 44-і ғана шұлым тілінде сөйлейді.

ХХІ ғасырдың басына дейін шұлым тілі жазбасы жоқ тілдердің қатарында болды. Тілді оқыту ешқашан болған емес. 2000 жылдары оны жаңғырту қозғалысы пайда болды, ал 2008 жылы алғашқы орыс-шұлым сөздігі баспаға дайындалды[6]. 2017 жылы Орыс православие шіркеуі Томск епархиясының клириктерінің күшімен - Алексий Самсонов пен Иоанн Фонтош иерейлер ана тілін әлі күнге дейін есте бар бірнеше жергілікті шұлымдардың бірі Василий Габовтың көмегімен[7], Марктың Інжілін осы тілге аудару басталды, ол үшін Томбы мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы Валерия Лемская жасаған шұлым әліпбиін пайдаланды[8]. 2019 жылы Марк Інжілінің аудармасы («Маркадын чакшычут ёсь тилғе шыйылған» деген атпен) жарық көрді[9].

Шұлым әліпбиі (орта шұлым диалектісінің мелет сөйлеу мәнері үшін, Пасечное ауылы)[10]:

А а Ӓ ӓ Б б В в Г г Ғ ғ Д д Е е Ё ё Ж ж
Җ җ З з И и Й й К к Қ қ Л л М м Н н Ң ң
О о Ӧ ӧ П п Р р С с Т т У у Ӱ ӱ Ф ф Х х
Ц ц Ч ч Ш ш Щ щ Ъ ъ Ы ы Ь ь Э э Ю ю Я я

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]