Торпеда
Торпеда — айлақтарды, басқа да гидротехникалық құрылыстарды, су үсті кемелерін немесе сүңгуір кайықты жәюға арналған, түмсық болігінде заряды (қарапайым немесе ядролық) бар, өздігінен басқарылатықн (өздігінен жылжитын және әздігінен бағытталатын) су асты снаряды. Торпеда сүңгуір қайықтар мен кейбір су үсті кемелерінің негізгі қаруы болып келеді. Олар торпеда тасығыш ұшақтардан да қолданылуы мүмкін. Қозғалтқыш түрлеріне байланысты торпедалар бүғазды, электрлі және реактивті болып бәлінеді. Олар 140 км/сағ. жылдамдықпеи 17 км қашықтыққа дейін жете алады. Қазіргі замандағы торпедалар өзінің бағыт және терендік бойынша козғалысын автоматты түрде басқаратын күрделі аппараттармен жабдықталған. Траектория сипатына байланысты торпедалар әздігінен бағытталатын, маневрлік және тура бағытталушы болып бөлінеді. Торпедаларды кемелерге бағыттау үшін олардың шуларын пайдаланатын акустикалық өздігінен бағытталу жүйесі колданылады. Соңғы уақытта өте тереңге жүзетін жаңа сүңгуір қайықтарды жою үшін 300 м терендікке дейін сүңгитін Тлар жасалган. Торпедалардың ұрыстық заряды түйіспелі немесе түйіспейтін жарғыш түрлерімен жарақталады.
Торпеда аппараттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Торпеда аппараттары (Торпедные аппараты) — торпедаға бастапқы козғалыс сәтінде қажетті бағыт беруге, яғни, бағыттауға, атуға және торпеданы сақтауға арналған аппараттар. Торпеда аппараттары кемелерде, сүңгуір кайықтарда, торпедалық катерлерде және жағалауда (торпедалық батареялар түрінде) орнатылады.[1]
Торпедалық катер (Торпедный катер) — қарсылас кемесін торпедамен жою міндетін атқаратын катер.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |