Сәрсенбі
Сәрсенбі - сейсенбі мен бейсенбі аралығындағы апта күні. ISO 8601 халықаралық стандартына сәйкес, сәрсенбі - аптаның үшінші күні.
Кейбір дәстүрлерде (аврамм діндерінде) сәрсенбі аптаның төртінші күні
болып табылады. Мысалға: португал тілінде quarta-feira сөзі «төртінші күн», парсы тілінде چهارشنبه сөзі «төртінші күн» мағынасын білдіреді. Сәрсенбі грек тілінде Τετάρτη жай ғана «төртінші» дегенді білдіреді. Араб тілінде де ((أربعا), еврей тілінде де (רביעי) сол мағынаны білдіреді. Армян тілінде (Չորեքշաբթի — чорекшабти́), грузин тілінде (ოთხშაბათი — отхшабати) и тәжікше (чоршанбе), барша тілде бұл сөз «сенбіден санағанда төртінші күн» аудармасын береді. Бірақ, эстонша сәрсенбі атауы kolmapäev — «үшінші күн» мағынасын білдіреді. Қытай тілінің солтүстік диалектісінде 星期三 (xīngqīsān), «үш күн» мағынасын білдіреді.
Ежелгі Римде бұл күн Меркурийдің құрметіне арналған. Римде жеті күндік апта ІІ жүзжылдықтың соңы - ІІІ жүзжылдықтдың басында үстемдік құра бастады.
Төртінші күн, «сәрсенбі» Жаратушының әлемді жаратқан күні, аспан шырақтарының пайда болған күні есебінде түсіндіріледі (Микеланджело,
1511 ж.).
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу][[https://web.archive.org/web/20140407124740/http://ru.wikipedia.org/wiki/%D1%F0%E5%E4%E0 Мұрағатталған 7 сәуірдің 2014 жылы.]]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |