Сүлеймен пайғамбар
Сүлеймен שְׁלֹמֹה | |
---|---|
Сүлеймен патша, Изариль патшасы (1500) Педро Берругете | |
Тақта отыру жылдары | 970–931 бзд. |
Ізашары | Дәуіт |
Ізбасары | Ровоам |
Жұбайы | Наамаһ (Сүлейменнің әйелі) Перғауынның қызы 700 ханша әйелі, 300 күңі болған[1][2] |
Issue | |
Әкесі | Дәуіт |
Анасы | Батшева |
Туған күні | 990 бзд. Иерусалим, Израиль патшалығы |
Қайтыс болған күні | 931 бзд. (58–59 жас) Иерусалим |
Жерлеу рәсімі | Иерусалим |
Ислам
мақалалар тізбегінің бөлігі |
Елшілер мен пайғамбарлар |
Адам ﵇ • Ыдырыс ﵇ |
Ислам |
---|
Бұл мақала келесі тізімдеменің бір бөлігі: |
Сүлеймен (кейде "Сүлеймен пайғамбар", кейде Соломон, ағылш. Solomon, /ˈsɒləmən/; ивр. שְׁלֹמֹה, Shlomo, араб.: سليمان Sulaymān; гр. Σολομών Solomōn) – Тәурат пен Інжіл бойынша, Израиль Біріккен Патшалығының патшасы болған, ол Дәуіт патшаның ұлы.[3] Зерттеулер бойынша оның патшалығы шамамен бзд. 970-931 жж. аралығында өмір сүрген. Ол өлген соң патшалығы тез ыдырап, солтүстік Израиль патшалығы мен Оңтүстік Иудей патшалығына бөлініп кетеді. Оның ұрпақтары Иудейді жалғасты билейді делінеді.[4]
Талмуд бойынша, Сүлеймен 48 еврей пайғамбарының бірі.[5] Құран бойынша, ол маңызды пайғамбар болып, Сүлеймен ибн Дәуіт (Дәуіттің ұлы сүлеймен) деп атаған.
Тәурат бойынша, ол Иерусалимдегі алғашқы діни орныды салған екен.[3] Ол өте бай патша болған, сондықтан ол еврей Құдайы Иахуеге арнап ғибадатхана орнатады.[6] Оны еврейлер және өте ақылды болған деп те сипаттайды.
ОЛ туралы көптеген аңыздар бар. Інжілде оны Исаның ұстазы болуға лайық десе,[7][8] басқа жазбаларда оның сиқыршы және жын шақыратын бақсы болғаны туралы деректер бар. Антикалық дәуірде Сүлейменнің атындағы дұғалар мен тұмаршалар болған екен.[9]
Таурат бойынша
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сүлейменнің өмірі алдымен Таураттағы "Самуил", "Патшалар" және "Шежірелер" кітабтарында суреттеледі. Оның есімі екі мағынада: "бейбітшілік" және "Құдайдың досы" дегенді білдіреді, екеуі де "оның патшалығының сипаты" деп саналады.[10]
Хронологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сүлеймен билік құрған келісімді уақыт - бзд. 970-931 жж. Інжіл хронологиясынан алынған.[11] Сүлеймен патша шыққан Дәуіт әулетінің хронологиясын Вавилон және Ассирия жазбалары арқылы тексеруге болады. Ескі өсиет профессоры Эдвин Р. Тиеле (Edwin R. Thiele) көп қолданатын хронологияға сәйкес, Сүлейменнің өлімі және оның патшалығының бөлінуі бзд. 931 жылдың көктемінде орын алған.[12]
Балалық шағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сүлеймен Дәуіт пен оның әйелі Батшебаның екінші ұлы ретінде Иерусалимде дүниеге келеді.[13] Батшаба әуелде Хеттік Ұрияһтың әйелі болған. Дәуіт Ұрияһты алыс сапарға жіберіп, оның әйелі Батышабаны аздырады, сөйтіп зинақорлықтан олардың бірінші баласы дүниеге келеді. Дауіт Ұрияһтың өліміне себеп болғандықтан, бірінші баласы өледі. Сосын Дәуіт Батшебаны көп әйелінің бірі етеді. Сөйтіп одан тағы екінші баласы Сүлеймен дүниеге келеді. Сүлейменнен кейін Батшеба тағы үш ұл табады: Натһан, Шаммуа және Шобаб.[14] Сүлейменнің басқа өгей шешелерінен туған тағы алты ағасы болған екен.[15]
Библия әңгімелері бойынша, Сүлеймен Батшебамен Дәуіттің азғындық қарым-қатынасына байланысты Құдай мен Дәуіт арасындағы бейбітшілікті сақтау ретінде өмірге келді делінеді.[16][17]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ In Our Time With Melvyn Bragg: King Solomon. BBC Radio 4 (7 June 2012).
- ↑ Holy Bible.
- ↑ a b Barton, George A. (1906). "Temple of Solomon". Jewish Encyclopedia. pp. 98–101. http://www.jewishencyclopedia.com/articles/14310-temple-of-solomon. Retrieved 2018-10-24.
- ↑ Solomon king of Israel. Britannica.
- ↑ Rashi, to Megillah, 14a
- ↑ 1 Kings 5:3; 8:20
- ↑ Matthew 12:42; Luke 11:31
- ↑ Matthew 6:28–29; Luke 12:27
- ↑ Archaeology, Culture, and other Religions. FMC terra santa.
- ↑ Jewish Encyclopedia Solomon http://www.jewishencyclopedia.com/articles/13842-solomon Emil G. Hirsch, Ira Maurice, Price Wilhelm, Bacher M. Seligsohn, Mary W. Montgomery, Crawford Howell toy, Emil G. Hirsch, Ira Maurice Price, Wilhelm Bacher, Max Seligsohn, Mary W. Montgomery, Crawford Howell Toy, pages 436–448
- ↑ E. Clarity, 2012, p. 305.
- ↑ Thiele, 1983, p. 78
- ↑ Үлгі:Bibleref2
- ↑ Үлгі:Bibleref2
- ↑ Үлгі:Bibleref2
- ↑ Vance Jennifer Solomon — New York: Simon and Schuster, 2015. — ISBN 9781681461182.
- ↑ Discovering Hope in the Psalms: A Creative Bible Study Experience — Eugene: Harvest House Publishers, 2017. — P. 70. — ISBN 9780736969970.