Сэм Рэйми

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сэм Рэйми
ағылш. Sam Raimi
Сурет
Рэйми, 2014 жыл
Жалпы мағлұмат
Туған күні

23 қазан 1959 (1959-10-23) (64 жас)

Туған жері

Роял Оук (ағыл.), Окленд, Мичиган, АҚШ

Мамандығы

режиссёр, кинопродюсер, сценарийші және актер

Белсенді жылдары

1977 жылдан бері

Марапаттары

Джорд Пэл атындағы Сатурн (2001), Сатурн (2005)

IMDb

ID 0000600

Сэмюэл М. Рэйми (ағылш. Samuel M. Raimi,[1] 23 қазан 1959 жыл, Окленд) — америкалық кинорежиссёр, актёр, продюсер және сценарийші. Ең белгілі туындылары қатарына Зұлым өліктер (1981–) франшизасы, Өрмекші-адам трилогиясы (2002–2007) және Диснейге жасаған түрлі фэнтези фильмдері жатқызылады.

Жанұясы және білімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сэм Рэйми Мичиган штатының Окленд округіндегі Роял Оук (ағыл.) қаласында,[2] еврейлер отбасында[3] дүниеге келген. Ата-аналары — саудагерлер Силия Барбара (туған тегі Абрамс) және Леонард Рональд Райми,[4] бабалары қазіргі Ресей мен Мажарстаннан Америкаға келген еврейлер болған.[5]

Інісі Тед — актёр,[6] ағасы Айван — сценарист және дәрігер[5] және әпкесі Андреа Рэйми Рубин — сот репортёрі.[7] Басқа бір ағасы, Сандер 15 жасында Израильде байқаусыздан суға батып кетті, Рэйми бұл оқиғаның отбасыны жақын қылды деп айтты.[8] Рэйми сонымен қатар Сандердың оны алғаш рет Өрмекші-адам кейіпкерімен таныстырып, оның комикстерге деген сүйіспеншілігін оятқанын айтты.[9]

Рэйми Гроувз орта мектебін бітірді, кейін Мичиган штатының университетіне де, Боккони университетіне де оқуға түсті, онда ол ағылшын тілін оқыды, бірақ «Зұлым өліктер» фильмін түсіремін деп үш семестрден кейін оқуын тоқтатты.

San Diego Comic-Conдағы Сэм Рэйми, 2014 жыл

Рэймидің фильмдерге деген қызығушылығы әкесінің үйге фильм камерасын алып келген салысымен оянған. 1975 жылы таныс болған досы Брюс Кэмпбеллмен бірге ол үйден әуесқой кино жасайтын. Колледждегі оқуы кезінде ол Кэмпбелл мен бауырының бөлмелесі болған Роберт Тапертпен бірге $375,000 жинаған 32 минуттық «Орманда» қорқынышты фильмін және «Бұл — өлтірушілік!» дебюттік фильмін түсірді.[10] Отбасы, достары және инвесторлар қаржысы және көмегі арқылы Рэйми хитке айналған және мансабын бастаған «Зұлым өліктер» (1981) табысты қорқынышты фильмінің өндірісін қаржыландыра алды.[11]

Ұзақ уақыт бойы комикстерге қызығушылығы бар Рэйми кейін «Көлеңке» суперқаһарман кейіпкерін фильмге бейімдеуге тырысты, бірақ авторлық құқықтарға қол жеткізе алмағасын өзінің супер-қаһарманы Darkman (1990) ойлап тапты. Бұл фильм оның алғашқы ірі студиялық картинасы болды және коммерциялық тұрғыдан табысты болды, екі сиквелы да шықты.

1990 жылдары Рэйми басқа да жанрларға көшті, нәтижесінде «Жылдам және өлі» (1995) уэстэрні, я «Қарапайым жоспар» (1998) қылмыс триллері сияқты фильмдер жасалды.

Рэйми Өрмекші-адам комикс сериясынан бейімделген аттас блокбастерімен (2002) үлкен сыни және коммерциялық табысқа жетті. Фильм дүние жүзінде 800 миллион АҚШ долларынан астам табыс тауып, екі сиквелді дүниеге әкелді: режиссері Рэймидің өзі болған Өрмекші-адам 2 және Өрмекші-адам 3 әрқайсысы шамамен 800 миллион доллар жинады. Үшінші «Өрмекші-адам» фильмі аяқталғаннан кейін ол тағы екі сиквел шығаруды жоспарлады (Sony Picturesтің үш сиквелді жоспарлағанына қарамастан), бірақ көңілінен шығатын сценарий таба алмады.[9] 2022 жылы Өрмекші-адам 3 туралы ой елегінен өткізген Рэйми Rolling Stoneға былай деді: "Бұл мен үшін өте күрделі тәжірибе болды. Мен өзімді осы үшін өтеу үшін Өрмекші-адам фильмін түсіргім келді. [Түсірілмей қалған] Өрмекші-адам 4 — бұл шынымен де осы жайлы болды. Менің [фильмдер сериясын] жоғары нотада аяқтағым келді, «сол да жарайды» деңгейіндегі фильммен аяқтағым келген жоқ. Менің ойымда болған стандарттың жоғары болғаны сонша, мен оған жете алмаймын деп ойладым».[12] Ол Марк Уэббпен бірге екеуі Marvel Studios-тің Джон Уоттс түсірген Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ фильміне шығармашылық кеңесші ретінде шақырылды.[13]

Рэйми 2013 жылдың 8 наурызында Walt Disney Pictures шығарған және дүние жүзінде 493 миллион доллар жинаған «Ұлы және қорқынышты Оз» фильмін басқарды. Ол жоспарланған жалғасын басқармайтынын айтты.

2020 жылдың 5 ақпанында Рэймидің Marvel Studios-пен «Доктор Стрэндж: Ессіз мультиғалам» режиссерлік ету үшін келіссөздер жүргізіп жатқаны жарияланды, және Рэйми бұл фильм түсіріліміне қатысын 2020 жылдың сәуірінде растады. Бұл — Рэймидің 2007 жылы Өрмекші-адам 3 фильмінен кейін 15 жылдан астам уақыттан кейін суперқаһармандық фильм жанрына қайта оралуы.

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1993 жылдан бері Рэйми белгілі канадалық актер Лорн Гриннің (ағыл.) қызы Гиллиан Гриннға үйленген, олардың бес баласы бар. Жасы ең үлкен үш баласы Өрмекші-адам 3 фильмінде көпшілік көріністе болды.

Фильмографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жыл Атауы Кинорежиссёр Сценарийші Қосымша ақпарат
1977 Бұл — өлтірушілік!
ағылш. It's Murder!
Иә Иә Әуесқой фильм болған
1981 Зұлым өліктер
ағылш. The Evil Dead
Иә Иә
1985 Қылмыс толқыны
ағылш. Crimewave
Иә Иә
1987 Зұлым өліктер 2
ағылш. The Evil Dead II
Иә Иә
1989 Жеңіл дөңгелектер
ағылш. Easy Wheels
Жоқ Иә фильм жазуларында "Силия Абрамс" деп жазылған
1990 Darkman Иә Иә
1992 Натттар үйі
ағылш. The Nutt House
Жоқ Иә фильм жазуында "кіші Алан Смити" деп жазылған
Қараңғы әскері
ағылш. Army of Darkness
Иә Иә фильмді өңдеген (фильм жазуында "R.O.C. Sandstorm" деп жазылған)
1994 Хадсакердің қолғабысшысы
ағылш. The Hudsucker Proxy
Жоқ Иә Сондай-ақ 2-бөлімінің режиссёрі
1995 Жылдам және өлі
ағылш. The Quick and the Dead
Иә Жоқ
1998 Қарапайым жоспар
ағылш. A Simple plan
Иә Жоқ
1999 Ойынға махаббаты үшін
ағылш. For Love of the Game
Иә Жоқ
2000 Сыйлық
ағылш. The Gift
Иә Жоқ
2002 Өрмекші-адам
ағылш. Spider-man
Иә Жоқ
2004 Өрмекші-адам 2
ағылш. Spider-man 2
Иә Жоқ
2005 Айқайлайтын миы бар адам
ағылш. Man with the Screaming Brain
Жоқ Сюжеті фильм жазуында "R.O.C. Sandstorm" деп жазылған
2007 Өрмекші-адам 3
ағылш. Spider-man 3
Иә Иә
2009 Мені тозаққа ала кел
ағылш. Drag me to Hell
Иә Иә
2013 Ұлы және Қорқынышты Оз
ағылш. Oz the Great and Powerful
Иә Жоқ
2022 Доктор Стрэндж: Ессіз мультиғалам
ағылш. Doctor Strange in the Multiverse of Madness
Иә Жоқ
Жылы Атауы Кинорежиссёр Сценарийші Телепродюсер Құрушы Қосымша ақпарат
1994–1997 M.A.N.T.I.S. Жоқ Сюжеті Иә Иә Wrote story for "Pilot"
1995–2001 Зена — жауынгерлер патшайымы
ағылш. Xena: Warrior Princess
Жоқ Жоқ Иә Әзірлеушісі
1997 Тыңшы ойыны
ағылш. Spy Game
Жоқ Жоқ Иә Иә
2008–2010 Іздеушінің аңызы
ағылш. Legend of the Seeker
Жоқ Жоқ Иә Иә
2014 Rake Иә Жоқ Иә Жоқ 2 episodes
2015–2018 Эш зұлым өліктерге қарсы
ағылш. Ash vs. Evil Dead
Иә Иә Иә Әзірлеушісі "El Jefe" эпизодінің режиссёрі және сценарийшісі
2020 Қорқыныштың 50 штаты
ағылш. 50 States of Fright
Иә Иә Иә Жоқ 3 эпизоді

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "...IMDB. Олар менің толық есіміме ат қосты, мені Сэмюэль Маршалл Рэйми деп қойыпты, екінші атым бар екенін да білмедім. Менде оның орнына бір әріп ғана бар, «М»." Savage, Luke Sam Raimi interview: Oz, Warcraft, The Shadow, Spider-Man  (ағыл.). Den of Geek (5 March 2013). Тексерілді, 30 қазан 2023.
  2. SAM RAIMI  (ағыл.). TCM. Тексерілді, 30 қазан 2023.
  3. Pfefferman, Naomi Sam Raimi’s latest horror flick draws on ‘true’ tale, Jewish exorcism  (ағыл.). Jewish Journal (22 August 2012). Тексерілді, 30 қазан 2023.
  4. Sam Raimi Biography (1959-)  (ағыл.). Film Reference. Тексерілді, 30 қазан 2023.
  5. a b Aushenker, Michael Spider-Mensch  (ағыл.). Jewish Journal (25 March 2002). Тексерілді, 30 қазан 2023.
  6. Ted Raimi Biography (1965-)  (ағыл.). Film Reference. Тексерілді, 30 қазан 2023.
  7. Chessler, Suzanne Made in Michigan  (ағыл.). Jewish Journal (29 January 2023). Тексерілді, 30 қазан 2023.
  8. Sam Raimi: Man behind the mask  (ағыл.). independent.co.uk (16 July 2004). Тексерілді, 30 қазан 2023.
  9. a b EXCLUSIVE: 'SPIDER-MAN 4' SCRAPPED; SAM RAIMI & TOBEY MAGUIRE & CAST OUT; FRANCHISE REBOOT FOR 2012  (ағыл.). DEADLINE NEW YORK (11 January 2010). Тексерілді, 30 қазан 2023.
  10. Muir, John Kenneth The unseen force: the films of Sam Raimi — New York: Applause Theatre & Cinema Books, 2004.
  11. Egan, Kate The Evil Dead — Колумбия университетінің баспасы, 2011. — Б. 26–28. — ISBN 978-1-906660-34-5.
  12. Hiatt, Brian From ‘Spider-Man’ to ‘Doctor Strange’: How Sam Raimi Conquered the Superhero Multiverse (Again)  (ағыл.). Rolling Stone (30 April 2022). Тексерілді, 30 қазан 2023.
  13. Fuge, Jonathan Spider-Man: No Way Home Brought in Past Directors Sam Raimi & Marc Webb as Consultants  (ағыл.). Movieweb (26 November 2021). Тексерілді, 30 қазан 2023.