Мазмұнға өту

Судыр-судыр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

“СУДЫР-СУДЫР”қазақтың ұлттық ойындарының бір түрі. Ойнаушылар алқа-қотан отырып, тізе астынан “Судыр-судыр” деп орамалды бірден-бірге жылжытады. Ойын жүргізуші оны тауып алуға тырысып, айнала іздейді. Іздеуші орамалды таба алмаған жағдайда оны ойыншылар “Айда, судыр” деп, ширатылған орамалмен ұрғыштап отырады. Ойын жүргізуші орамалды тауып алса ұсталған адамды ортаға шығарып, ән айтқызып, би билетеді. Ойынды “айыптылар” жалғастырып отырады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том