Мазмұнға өту

Спот

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Төленуге тиіс қолма-қол ақша

Спот (ағылшынның spot – дереу төленуге тиіс қолма-қол ақша) –

  1. жеткізу және нақты тауар немесе валюта үшін дереу ақысын төлеу жөніндегі мәміле түрі. Мысалы, Спот шартына негізделген валюта мәмілесі үшін бір тәулік немесе екі жұмыс күні ішінде жеткізіледі;[1]
  2. ақысы дереу төленіп сатылатын тауар бағасы;[2]
  3. кеме жалдаушының талаптарына сай келетін тоннаждағы кеме;
  4. радио мен телехабарға қосуға арналған жарнама.

Спот мәмілелері жасалатын нарық споттық нарық, осындай мәмілелердің бағасы “спот бағасы” деп аталады. Қолма-қол активтің түріне қарай Спот мәмілелерінің өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Мысалы, валютаға арналған Спот мәміле оны Спот бағамы бойынша, яғни мәміле жасалған сәттегі валюта бағамы бойынша бір тәулік ішінде жеткізу шартымен жасалады. Дәстүрлі бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды) сатып алуға арналған Спот мәміле нақты биржадағы биржалық сауда ережелерінде белгіленген мерзім ішінде жеткізу және есептесу деген мағынаны білдіруі мүмкін.[3]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
  2. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  3. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том