Спам
Бұл мақаланың бейтараптығын тексеру қажет. Пікірталас барысын талқылау бетінде қараңыз. Бұл хабарды талқылау шешілгенше дейін аластамаңыз. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Күнделікті э-поштамызға кімнен екені белгісіз хаттар келіп тұрады немесе форумдарда, блогтарда бейтаныс адамдар пікір жазып кетеді. Олардың кейбірі жарнама болса, кейбірі бірігіп бизнес істеуге шақырады, тіпті кейбірінде вирус ілесіп жүреді. Бұл белгісіз хаттар мен жарнамалар СПАМ деп аталады.
Спамды кім, қайдан жібереді?
Интернетте э-пошта сервисін (мыс: Yahoo!, MSN, Gmail т.б) қолданбай-ақ басқа біреуге бейтаныс атпен (мыс: example@mysite.com) хат жіберу өте оңай. Оның біреуі арнайы програмалар арқылы болса, екінші жолы PHP, JSP немесе ASP.NET сияқты скрипт жазатын програмдау тілдері арқылы. Спаммерлер (спам жіберушілер) э-пошта адресіңізді Интернеттен адрес жинайтын програмалар арқылы жинап алып, өзінің базасына сақтап қояды да, керекті кезінде қолданады. Тіпті адамдардың жеке мәліметін де жинап алып, басқа компанияларға сататын ұйымдар болады. Олардың көбі э-пошта адресіңізді @ симболы арқылы білетіндіктен, көпшілік оқи алатын сайттарға адресіңізді жазудан абай болыңыз, немесе басқаша тәсіл қолданыңыз. Мысалы сурет арқылы бейнелеу немесе @ орнына “at”, “ит”, “собачка” сияқты сөздер қолдануға болады.
Спаммерлердің хатын жеке хаттардан қалай ажыратуға болатыны тұрғысында SMTP протоколында қорғаныс жоқ. Тек арнайы програмалар арқылы ғана оны тексеруге болады. Мысалы Wordpress - AKISMET жүйесін қолданады. Бір хатты көп кісіге қатарынан жіберілгенінен де білуге болады. Бірақ ондай жағдайда компания өзінің барлық клиенттеріне хат жіберсе, оны спам деп танып, келген хатты спамға сақтайтын жайттар да кездеседі. Хаттың ішіндегі сөздерден күдіктеніп, спам деп тануға болады. Оны спаммерлер де байқап, сөзді әдейі бұрмалап жібереді екен. Мысалы Viagra сөзін
V1agra
Via’gra
V I A G R A
Vaigra
\ /iagra
Vi@graa деп жіберу арқылы.
Кейбір компаниялрдың табыс көзі спам хаттар арқылы жарнама тарату болғандықтан спам азаймайды, керісінше көбейіп келеді.
СПАМ туралы қызықты мәліметтер:
- Ең көп спамды Майкрософтының негізін қалаушы Билл Гейтс қабылдайды екен. Оның э-пошта адресіне жылына 4 миллион спам келеді.
- Спамдағы ең көп жарнаманың орнын өнімдер иеленеді.
- Ең көп спамды жіберетіндер АҚШтан, Қытайдан және Оң.Кореядан.
- Kүніне 90 млрд спам хат жіберіледі.