Мазмұнға өту

Сарыбасшөп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сарыбасшөп
Ақбасқурай
Erysimum pieninicum
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Brassicales
Тұқымдасы: Brassicaceae
Тегі: Erysimum
L.
түрлері

180 түрі белгілі

Сарыбасшөп [1] (Erysimum), ақбасқурайорамжапырақ тұқымдасына жататын бір, екі, көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның далалық жерлеріндегі шалғындарда, таудың тасты шатқалдарында, қыраттарда, тоғайлардың арасында өсетін 15 түрі бар. Олардың биікт. 5 — 100 см, сабағы тік, жоғ. жағы бұтақталып тармақталған, жалаң, кейде сыртында түгі болады. Жіңішке жапырақтарының шеті тілімденбеген, бүтін, үшбөлікті және жұлдызша тәрізді түктер жапқан. Тостағанша жапырақшалары тік орналасқан, төм. бөлігі қапшық тәрізді. Желегі ұзын тырнаққа ұқсайды, түстері сары, күлгін, қошқыл, өте сирек жағдайларда ақ түсті болады. Сәуірден тамызға дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі — ұзынша келген төрт қырлы бұршаққын. Оның ашылатын жері дара орт. жүйкеден тұрады. Тұмсығы ойма немесе қос қалақты. Тұқымдары бір қатарда орналасқан. Сарыбасшөптердің мал азықтық маңызы бар, әсемдік үшін де өсіреді. Жұлдызшешек (левкой) Сарыбасшөп (E. cheіranthoіdes), шашыңқы Сарыбасшөп (E. dіffusum) — дәрілік өсімдіктер, олардың жүрекке әсер ететін, несеп жүргізетін және қақырық түсіретін қасиеті бар. Жирен Сарыбасшөп (E croceum) — өте сирек кездесетін эндемикті түр ретінде ҚазақстанныңҚызыл кітабына” енгізілген. [2]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
  2. Қазақ энциклопедиясы, 7 том
  3. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007