Пісте
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Пісте (лат. Pistácia) – анакардиа тұқымдасының бір туысы. Пістенің субтропикте өсетін 20 түрі, оның ішінде Қырым, Кавказда қолдан өсірілетін 1 түрі белгілі. Қазақстанда 1 түрі (Батыс Тянь-Шань, Қырғыз Алатауы, Қаратауда) өседі[1].
Кәдімгі пісте (лат. Pistacia vera) — жаңғақ жемісті, қос үйлі, биіктігі 5–7 м, ағаш не бұта. Жапырағы бүтін жиекті, гүл шоғыры сыпыртқы тәрізді, сәуір — мамырда гүлдейді. Жемісі — бір тұқымды, ұзындығы 1–2 см, ені 0,5–1 см, маусым — қыркүйекте піседі. Жемісін жас, кептірген не қуырылған күйінде тағамға пайдаланады. Тұқымы құрамында 60 % май және 23 % белок болады. Майы тамаққа және медицинада қолданылады. Пісте тұқымынан және тамыр атпаларынан өсіріледі[2].
Гүлдер. Жеміс. Пісте жаңғақтары.
|
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы
- ↑ Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз. Сов. энцикл. Бас ред., 1990 ж. ISBN 5-89800-008-9