Оскар Шиндлер
Оскар Шиндлер - 1908 жылы 28 сəуірде Австро-Венгрия империясында туды. Холокост кезінде 1200 ден астам еврейлерді құтқарған неміс жеке кəсіпкері. Оның тарихы жəне істеген істері 《 Ковчег Шиндлера 》 жəне осы кітап бойынша жасалған фильм көмегімен есімізде мəңгілікке қалады.
Өмірбаян
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оскар Шиндлер католиктік отбасыда, Ханс Шиндлер жəне Франциски Лузер жан ұясында дүниеге келді. Бір уақыт Шиндлер капиталист өмірімен өмір сүрді, яғни ол ақшаны басты құндылық деп есептеді. Екінші Дүниежүзілік соғыстың басталған жылы ол металлдан жасалған ыдыс-аяқ өндіретін зауыт ашты. Бірақ, біраз уақыт өткеннен кейін оның ойы өзгереді. Ол Краковтағы геттодағы рейдтың куəгері болғаннан кейін ол гитлерлық режимінің барлық жаман жағын көріп, ол еврейлерді қорғайды. Өзінің бухгалтерінің - Ицхак Штерн кеңесі бойынша Оскар Шиндлер жоғары дəрежелі немістерден өзінің зауыттарына еврейлерді сатып алуды көздеді. Бұдан кейін Шиндлер көмегімен құтқарылған еврейлер 《 евреи Шиндлера 》 деп əлемге танымал болды. Орташа есеппен Шиндлер құтқарған адам саны 1200 адам ( 800 еркек, 300 əйел, 100 бала ). Бұл тізім Амон Гëт хатшысымен - Митек Пемпермен жазылған. Соғыс басталғанда Пемперға 19 жас ғана болды жəне ол хатшы мамандығына оқыған. Краковта еврейлік геттоның пайда болуынан кейін ол оның клеркі болды. Соғыстан кейін 1958 жылы Аугсбургқа көшіп, неміс азматтығын алады. 1948 жылы Оскар Шиндлер жəне Эмилия Шиндлер Аргентинаға көшеді. Бірақ, 10 жыл өткеннен кейін ол ФГР қайта келеді. Өзінің өмірінің ақырғы күндерін кедейлікте өткізді.