Ольга Николаевна Рубцова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ольга Рубцова
Мемлекеттер

 КСРО

Туған күні

20 тамыз 1909 (1909-08-20)

Туған жері

Мәскеу, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

13 желтоқсан 1994 (1994-12-13) (85 жас)

Қайтыс болған жері

Мәскеу, Ресей

Марапаттары мен сыйлықтары

Еңбек Қызыл Туы ордені (1957)


Ольга Николаевна Рубцова (20 тамыз 1909, Мәскеу, Ресей империясы13 желтоқсан 1994, Мәскеу, Ресей) — шахматшы, ғалым, кәсіби шахматтан әлемнің әйелдер арасындағы төртінші чемпионы (1956 —1958). Халықаралық дәрежедегі гроссмейстер (1976). Рубцова 1927 — 67 ж. 20 мәрте КСРО чемпионатына қатысып, төрт рет чемпион (1927, 1931, 1937, 1949), төрт рет күміс жүлдегер (1936, 1948, 1952, 1954) атанды. Сонымен қатар 1935 ж. КСРО чемпионы атағы үшін О. Семенова-Тянь-Шаньскаямен матч өткізіп 7:2 (алты ұтыс, бір ұтылыс, екі тең) есебімен жеңіске жетті. 1956 ж. әлем чемпионы атағы үшін болған турнирде бірінші орын алған Рубцова әлемнің төртінші чемпионы атанды. 1957 ж. бірінші рет өткен бүкіләлемдік шахмат олимпиясында КСРО құрамасының бірінші тақтасында өнер көрсетіп, 14 мүмкіндіктен 9,5 ұпай жинады. Бірақ келесі жылы Е.Быковадан ұтылып, әлем чемпионы атағынан айырылып қалды. 1960 жылдан бастап хат арқылы ойнауға көшкен Рубцова 1968 — 72 ж. жарыстың бұл түрінен тұңғыш әлем чемпионы атанды. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. [1]

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том