Меккенің жаулап алынуы
Ислам |
---|
Бұл мақала келесі тізімдеменің бір бөлігі: |
Меккені жаулап алынуы (араб.: فتح مكّة, түр. Mekke'nin Fethi, фәтх Макка) — 630 жылдың 11 қаңтарында (һижра бойынша: 8 жылдың 20 рамазаны) Мұхаммед пайғамбардың ﷺ Мекке қаласын жаулап алуы.
Себебтері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Худайбия келісіміне сәйкес араб тайпалары мұсылмандармен немесе құрайыштармен одақтас болуға таңдау еркі болды. Хузаға тайпасы мұсылмандардың қарамағына, ал Бәкр тайпасы құрайыштардың қарамағына кірді. Келісімнен кейін Хузаға тайпасы мен Бәкр тайпасы арасында келіспеушілік пайда болды. Бану Бәкр құрайыштардан көмек сұрап, олардан көлік пен қару-жарақ алды. Олардың жағында соғысқандардың арасында құрайыштықтар болды: Иқрима ибн Әбу Джәһл, Сафуан ибн Умәйя және Суһайл ибн Амр. Хузаға тайпасы қасиетті аумаққа шегінгенімен, Бәкр тайпасы ол жерде шайқасты тоқтатпай, 20-дан астам адамды өлтірді[1].
Осының нәтижесінде құрайыштар мен Мұхаммед пайғамбар ﷺ арасындағы Худайбия келісімі бұзылды. Болған оқиғаға өкінген құрайыштар Мұхаммед пайғамбарға ﷺ келісімді ұзарту үшін елшілікке Әбу Суфйанды жібереді. Мұхаммед пайғамбар ﷺ келісімді ұзартудан бас тартып, Меккеге жорыққы аттануға бел буды[1].
Бұл — тарих бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b Битва величайшей победы (Завоевание Мекки) Мұрағатталған 2 желтоқсанның 2012 жылы. — MercyProphet.org (орыс.)