Леонид Максимович Леонов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Леонид Максимович Леонов, 1929 жыл

Леонид Максимович Леонов (31 мамыр 1899 жыл, Мәскеу - 8 тамыз, 1994 жыл, Мәскеу) - орыс жазушысы, драматург, Ресей Федеративтік Республикасының еңбек сіңірген енер қайраткері, академик, Социалистік Еңбек Ері.

Оның «Борсықтар», «Ұры», «Мұхитқа жол», «Орыс орманы» т. б. романдары, «Қасқыр», «Шапқын», «Аптын кұйме», «Бұрқасын» пьесалары кеңінентаныс. «Шапқын» пьесасы қазақ тіліне аударылған.

Жазушы Абай шығармаларын зер сала оқып, қазақақынының өлеңдеріндегі жаңа түр мен мазмұн мәселөлеріне ерекше мән берді. Л. «Абай» («Жұлдыз», 1964, № 10), «Достық жаршысы» («Қазақ әдебиеті», 1971, 26 мамыр»), «Таңғажайып талант иесі» («Семей таңы», 1985, 10 тамыз) атты материалдарында жазба қазақ әдебиетінің қалыптасу жолындағы Абайдың жолбасшылық қызметін жоғары бағалап, оны «өз халқының темірқазық жұлдызы» деп атады. А қынның «Менсінбеуші ем наданды. Ақылсыз деп қор тұтып. Түзетпек едім заманды, Өзімді тым-ақ зор тұтып» деген өлең жолдарын тілге тиек ете отырып, Абайдың азаматтық ерлігін «ерен жүректілік» ретінде мақтан етеді.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Орыс арманы» романы үшін Лениндік сыйлық
  • «Шапқын» пьесасы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9