Легион

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Легион (лат. legіon) — әскери құрама. Алғаш Рим әскерінде пайда болды. Оның құрамы 3 — 10 мың жауынгер аралығында болған. Жауынгерлік тәртіп бойынша Легиондағы алдыңғы 4 тізбектегі фалангалар ұзын найзамен, 5 — 6 тізбектегі пиляндар немесе триариялар қысқа ауыр найзамен, 7 — 8 тізбектегі гастаттар қарапайым найзамен қаруланды. Б.з. 4 ғ-нан бастап бытыраңқы жауынгерлік тәртіптің шығуына байланысты Легион ауыр және жеңіл жаяу әскер түрлеріне бөлінді. Әскер бөлімшелері — турмалар қос қапталға орналасты. Кейіннен көптеген елдерде Легион деп түрлі әскери құрылымды айтатын болды (мыс., Францияда, Англияда, Германияда, Ресейде, Польшада). 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Германия түркістандық соғыс тұтқындарынан Түркістан легионын ұйымдастырды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ ұлттық энциклопедиясы