Көктас (Қарағанды облысы)
Ауыл | |
Көктас | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
49°35′42″ с. е. 75°03′30″ ш. б. / 49.59500° с. е. 75.05833° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°35′42″ с. е. 75°03′30″ ш. б. / 49.59500° с. е. 75.05833° ш. б. (G) (O) (Я) |
Бұрынғы атаулары |
Карбушевка |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▼1294 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
09 |
Көктас шекарасы
|
Көктас — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Қаршығалы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1655 | ▼1480 | ▼1294 | 87,4 | 743 | ▼683 | 91,9 | 737 | ▼611 | 82,9 |
Ауыл тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көктас ауылының іргесі 1914 жылы құрылған. Кеңес үкіметі тұсында тағдырлары талайпайға түскен неміс ұлтының өкілдерін бір ортаға тоғыстырған үлкен ауылға айналды. Ол кезде ауыл Тельман кеңшары болатын. 1960 жылдардан бастап 1991 жылға дейін Көктас ауылы Кеңес үкіметінің ауылшаруашылығы саласындағы жоспарын межесінен асырып, аты дүркіреген кеңшар болды. Жекешелендіру науқаны жүрген кезде, ауылдан мыңдаған неміс жанұясы өз отандарына көш басын бұрды. Дегенмен Көктас ауылы қаңырап қалмады. Алыстағы ағайындарын өз Отандарына шақырған ұлы көштің біраз шаңырағы осы ауылдың түтінін түтетті. Солардың бірі атақты күйші, домыбырашы, Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері - Райхан Мұхаметұлы.
Көктас ауылы тәуелсіздіктің жемісті жылдарының арқасында елдігін танытып, 2014 жылы жұрт болып, халық болып, Көктас ауылының 100 жылдық тойын өткізді. Содан бері ауыл қазақтың мақтан тұтарлық үлкен аймағына айналды.[3]
Көшелері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Абай көшесі
- Жастар көшесі
- Жаңа көшесі
- Тельман көшесі
- Гагарин көшесі
- Астық дайындау көшесі
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- ↑ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- ↑ "Арқа ақшамы" қоғамдық-саяси газеті №21 (18) 5 маусым 2014 жыл.
|