Коннектикут

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Коннектикут (айрық) деген бетті қараңыз.
АҚШ штаты

Коннектикут
ағылш. State of Connecticut

Коннектикут туы Коннектикут мөрі
Коннектикут туы Коннектикут мөрі
АҚШ картасындағы Коннектикут штаты

Штат ұраны

Конституция штаты[1][2]

Астанасы

Хартфорд

Ең ірі қаласы

Бриджпорт[3]

Тұрғыны

3 580 709 (2011 жыл)
29−орын (АҚШ б-ша)
- тығыздығы
249,41 адам/км²

Ауданы

48−орын
- барлығы
14 357 км²
- су беті
1,809 км² (12,6 %)
- ендік
40°58' с. е. бойынша 42°3' с. е., 113 км
- бойлық 71°47' б. б. бойынша 73°44' б. б., 177 км

Теңіз деңгейінен биіктігі

- максимал биіктігі Массачусетс штатымен шекарасындағы Фрисселл тауыының солтүстік беткейі [4][5] м
- орташа биіктігі
- минимал биіктігі

Штат статусын иеленуі

9 қаңтар 1788 жылы
5 ретпен
- штат болмай тұрып

Губернаторы

ДейннелМэллой

Заң шығару органы

- жоғарғы палатасы
- төменгі палатасы

Уақыт белдеуі

Тынықмұхиттық уақыт: УГМ-5/-4

Ресми сайты:

http://www.ct.gov/
Коннектикут штатының капитолы
Нью-Хейвен
Милфорд қаласын биіктен қарау және Чарльз аралы
Мидделтаун

Коннектикут (ағылш. Connecticut) — штат Америка Құрама Штаттарының солтүстік-шығысында орналасқан, Жаңа Англия өңіріне кіреді. Астанасы — Хартфорд, ірі қаласы — Бриджпорт. Халқы — 3 580 709 адам (2011 жылғы санақ бойынша АҚШ ішінде 29-орында 2011 жыл). АҚШ шаттарының ішінде көлемі бойынша 48-орында. Егер Колумбия округын алмай есептесе адам басына шаққандағы ЖІӨ мөлшері бойынша Америка Құрама Штаттарында бірінші орын иеленеді (54397 доллардан).

1959 жылдан бергі ресми ұраны — Constitution State (Конституция штаты). Штаттың бұрынғы ресми ұраны Nutmeg State (Жұпар жаңғақ штаты) болды[1].

Штатты бірінші қоныстанушылар голландықтар болды, негізгі қоныстанушылар болашақ Хартфорд қаласының негізін қалады. 1667 жылға дейін шатат территориясының тең жартысы Жаңа Нидерландның құрамына кірді, сонан соң Британ империясына табысталыды, 1636 жылы ағылшын Томас Хукер өзі Коннектикут колониясын құрды. Коннектикут 13 штаттың бірі болды, Англиядан өзінің тәуелсіздігін жариялады.

Штат қоңыржай климатты зонада орналасқан және мұхит жағалау сызығында созылып жатыр, соған байланысты теңізде жүзу өнері штат салт-дәстүріне жартылай әсер етеді.

Коннектикуттың адам даму индексі потенциялы бойынша — американдық штаттар арасында ең жоғарғы штат болып табылады.

Пошталық қысқартылуы — CT.

Штат территориясы оңтүстігінде Лонг-Айленд бұғазы суымен шайылып жатыр, батысында Нью-Йорк штатымен, солтүстігінде — Массачусетс штатымен, шығысында — Род-Айленд штаттарымен шекараласады. Ірі қалалары: Бриджпорт, Хартфорд (астана), Нью-Хейвен, Стамфорд және Уотербери. Территориясы сегіз өңірге бөлінеді. Штатта барлығы 169 қала және елді мекен бар.

Ең биік нүктесі — штаттың солтүстік-батыс шекарасындағы Фрисселл тауы (теңіз деңгейінен 748 м биік). Штаттың өзі аттас Коннектикут өзені штатың орталық жағымен ағып өтіп оңтүстіктен солтүстіктегі Лонг-Айленд бұғазына құяды.

Штат территориясыннегізінен ормандар алып жатыр. Оңтүстікке жақынырақ сазды жерлер және құмдауытты жағалау кездеседі . Батыс жағыны — таулы (Беркшир жоталары және Таконик).

Солтүстіктен аулдық елді мекендерден оңтүстікке қарай өндірісті қалаларға қарай ауысады. Барлық ірі қалалардың барлығында дерлік «жасыл зоналар» (парктер қалалар орталығында) бар, туристерді тарту мақсатында өткен ғасырда сәулетті құрылыстар салынған.

Коннектикут қалаларыны негізінен штаттың оңтүстік-батыста шоғырланған. Коннектикуттың солтүстік-шығыс жағында ормандық және ауыл шаруашылық жерлері басым.

АҚШ-тың тәуелсіздік үшін соғысынан кейін Коннектикут 13 штаттың бірі болды, АҚШ құрамындағы бірінші штат. 1875 жылға дейін Хартфорд пен Нью-Хейвен қалалары Коннектикут астанасы мәртебесін кезектесіп алып отырды. Артынан Хартфорд қаласы тұрақты астана болып бекітілді.

Халықтың расалық бөлінуі:

Атақты түлектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b SOTS: Sites, Seals & Symbols. Тексерілді, 12 маусым 2008.
  2. Connecticut's Nicknames. Connecticut State Library.
  3. Population Estimates for All Places: 2000 to 2006: Connecticut SUB-EST2006-04-09.xls. United States Census Bureau. Retrieved 16 қазан 2007.
  4. Elevations and Distances in the United States. United States Geological Survey (2001). Тексерілді, 21 қазан 2011.
  5. Elevation adjusted to North American Vertical Datum of 1988.
  6. American FactFinder, United States Census Bureau. American Community Survey 3-Year Estimates. Factfinder.census.gov. Басты дереккөзінен мұрағатталған 31 мамыр 2012. Тексерілді, 25 шілде 2010.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Үкіметі
Негізгі
Туризмі
Тарихы
Бизнес ұйымдары