Комитас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Комитас
Կոմիտաս
330x330px
туғандағы есімі:

Согомон Геворки Согомонян

Қызмет түрі:

композитор,музыкатанушы, әнші

туған күні:

1869 жыл 26 қыркүйек немесе 1869 жылдың 8 қазаны

(1869-10-08)[1]

туған жері:

Осман империясы, Кютахья

Азаматтығ:

border|22x22px|Флаг Армении

Қайтыс болған уақыты: 1935 жыл 22 қазан (66 жас)
Қайтыс болған жері:

Париж, Франция

Әкесі:

Геворк Согомонян

Анасы:

Тагуи Согомонян

link=commons:Category:Komitas_Vardapet|20x20px Комитас на Викискладе
Комитасқа арналған КСРО поста маркасы, 1969  жыл, 6 тиын.
{{Тексерілмеген мақала|date={{subst:#time:F Y}}}}

Комита́с (арм. Կոմիտաս; шын есімі Согомо́н Геворки́ Согомоня́н, арм. Սողոմոն Գևորգի Սողոմոնյան; 26 қыркүйек 1869 жыл, Кютахья, Осман империясы — 22 қазан 1935 жыл, Вильжюиф, Франция) — армян компзиторы, музыкатанушы, фольклор, әнші және хор дирижёры 

Согомонның әкесі Геворк Согомоняннің даусы әдемі, өзі шығарған өлеңдерін жақсы көретін етікші болған. Кілем тоқушы, Согомонның анасы - Тагуи да жарқын таланттарымен ерекшеленген.

Согомонның балалық шағы бақытсыз, өмір сүруге мүмкіншіліктерсіз болды. Жасы бірге толмай жатып анасынан айырылды. Әкесінің қолы босамағандықтан, әжесі баланы өз қамқорлығына алды. 7 жасында Согомон бастауыш мектебіне қадам басты, мектепті бітіргеннен кейін әкесі Согомонды оқуын жалғастыру үшін Бурсаға аттандырды. Соңғысы қолынан келмеді, 4 ай өткеннен кейін үйіне жетім болып оралды, Согомонға 11 жас болған кезде оның әкесі дүниеден өтті.

Комитастың сыныптастарының бірі ол туралы былай еске алады:

Согомонды көбінесе кір жуатын орындағы суық тастың үстінде ұйықтайтын көретін. Ол керемет ән салатын, содан оны Кутинде «кішкентай қаңғыған әнші» деп атайтын.

Фанос Терлемезян, Комитастың портреті, 1913 жыл
Арменяның почта маркасындағы армян композиторлары, суретшілері және ғалымдары: Комитас, Хачатурян, Сарьян, Тер терян, Спендиарян, Горки, Аветисян, Орбели, Симонян
Квебек қаласындағы Комитастың ескерткіші
  • Комитастың атына Ереван мемлекеттік консерватория аталған.
  • Эчмиадзин қаласындағы орталық алаң Комитастың атына аталған.
  • 1924 жылы ашылған Мәскеу консерваториясының орыс-армян ішекті аспап квартеті Комитастың атына аталған.
  • Ереванның ең үздік ойын-сауық орталықтарының бірі Комитастың атына аталған.
  • Ереванның бас көшелерінің бірі де Комитастың атына аталған.
  • Комитас атындағы мазар.
  • Париж қаласындағы Комитас атындағы саябақ.
  •  1996 жылы Ереванда «Комитас» атты мамандырылған музыкалық баспа ашылды.
  • 1969 жылы Комитасқа арналған КСРО почта маркасы ашылды.
  • 1969 жылы композитор Григор Ахинян «Комитас» атты поэма-рапсодия жазды.
  • 2000 жылы Комитасқа арналған Армения почта маркасы ашылды.

Примечания

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Атаян Р. А., Komitas (творческий портрет композитора, ағылш.). Нью-Йорк, 1969
  • Тагмизян Н. К., Комитас и армянская музыкальная культура. 2-е изд. М., 1987
  1. Record #118937650 // Gemeinsame Normdatei — 2012—2016.