Мазмұнға өту

Кетпен антиклинорийі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кетпен антиклинорийігерцин дәуірі кезінде қалыптасқан геологиялық құрылым. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кетпен жотасы атырабында. Солтүстік-шығысқа бағытталған антиклиналь осінде орта және жоғарғы палеозойдың жыныстары мен интрузивті массивтері тараған. Мұндағы көне жыныстарға жоғарғы кембрий және төменгі ордовик кезеңдерінде пайда болған формациялар жатады. Антиклинорийдің солтүстік қанатында орта және жоғарғы визенің липаритті-дацитті-терригендік шөгінділері, ал оңтүстік қанатында теңіздік карбонатты шөгінділер (оңтүстік шоғырында) кездеседі. Кетпен антиклинорийінде тараған интрузия денелері әдеттегі заңдылық ретімен дамыған. Алғашқы герцин жыныстарымен ұласқан кен байлықтарында полиметалл кендері (Тұйық, Шынасылсай) ұшырасады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы