Катагенез
Навигацияға өту
Іздеуге өту
- Катагенез (грекше kata – жоғарыдан төмен және генез) – шөгінді тау жыныстарына, олардың метаморфтық жыныстарға айналуына немесе үгілуіне дейін әсер ететін табиғи процестердің жиынтығы. Алғаш “Катагенез” терминін 1922 жылы А.Е. Ферсман ұсынған.
- Тектоникалық қозғалыстармен тығыз байланысты болып келетін катагенездің прогрессивтік және регрессивтік түрлері бар. Төмендеген жер қыртысы қабаттарының астына шөккен шөгінділерде прогрессивтік катагенез, ал Жер қыртысы жоғары көтеріліп, шөгінділер төмен температурада және аз қысымды белдемде шөксе регрессивтік катагенез қалыптасады.
- Прогрессивтік катагенезде жоғары температура мен күшті қысымға төзімді, ал регрессивтік катагенезде бұдан өзгешелеу минералдар түзіледі. Прогрессивтік катагенез метаморфизммен, ал регрессивтік катагенез үгілумен алмасады. Катагенез белдемдерінде бір минерал екінші минералға ауысады. Жер қыртысының жоғарғы қабаттарында силикатты минералдарды карбонатты минералдар, ал одан терең қабаттарда карбонаттарды силикаттар алмастырады.
- Катагенездің негізгі факторларына 8 – 12 км тереңдіктегі 300 – 350С° шамасындағы температура мен 1800 – 2900 атмосфералық қысым және тау жыныстарының қуыстарында болатын судың әсері жатады. К-дің шөгінді тау жыныстарындағы мұнай қабаттарын, көмір кендері мен құрылыс материалдарын барлауда маңызы зор.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |