Иерусалим округі
Иерусалим округі — Израильдегі алты әкімшілік округінің бірі. Оның аумағы 653 км²-ді (Шығы Иерусалиммен бірге) құрайды. Облыстық орталығы — мемлекеттің елордасы Иерусалим қаласы болып табылады. Округ аумағына 1967 жылғы Алты күндік соғыс кезінде аннексияланған қаланың шығыс аудандары кіреді.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Израильдің орталық статистика бюросы берген статистикалық мәліметі бойынша 2016 жылға қарай округтің халық саны 1 046 100 адамды құрайды.[1]
Пайыздық ара салмағы бойынша:
- Еврейлер: 697 700 адам (65,94 %)
- Арабтар (мұсылмандар): 318 600 адам (30,11 %)
- Арабтар (христиандар): 12 500 адам (1,18 %)
- Басқалар: 13 400 адам (1,26 %)
Еврейлік емес халқының 30,11 %-ын мұсылмандар құрайды, христиандар — 1,18 % және өз дінін атамағандар — 1,26 %.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
|
Бұл — Израиль географиясы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |