Замбези

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Замбези.

Замбези - Оңтүстік Африкадағы өзен. Ұзындығы 2660 км, су жиналатын алабы 1330 мың км². Бастауын Конго-Замбези үстіртінен, 1100 м биіктіктен алады. Үнді мұхитының Мозамбик бұғазына құяды.


Бастауынан Виктория сарқырамасына дейін 1200 км бойы Баротсе жазығын бойлап ағады. Луангинга саласының құйылысынан төмен қарай көптеген сарқырамалар мен шоңғалдар кездеседі.

  • Ең ірісі – дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалардың бірі Виктория. Төменгі ағысында аңғары мен арнасы барынша кеңейеді (арнаның ені 5 – 8 км-ге дейін). Шире өзеніне қосылғаннан кейін Мозамбик ойпатын басып ағады да, құйылысында аумағы 8,0 мың км² болатын атырау түзеді.
  • Негізінен, жаңбыр суымен молығады. Жазда тасиды. Қыс айларында су деңгейі күрт төмендейді. Жылдық орташа су ағыны 16000 м3/с. Ең ірі салалары Кафуэ мен Луангва. Замбези алабына Ньяса көлі де кіреді.
A.
Замбези өзені.

Өзен су қуаты қорына өте бай, бірақ оның шағын ғана бөлігі пайдаланылады.

  • Кариба шатқалында ірі СЭС пен бөгендер (Кариба, Кабора-Басса) салынған. Су мөлшерінің күрт ауытқып тұруы және шоңғалдар кеме қатынасына кедергі келтіреді. Ірі кемелер сағасынан 450 км-ге дейін ғана жүзе алады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. [[Қазақ энциклопедиясы], 4 том 2 бөлім