Жыныстық жетілу
Көрініс
Жыныстық жетілу кезеңінде ұл-қыздарға әсер ететін өзгерістер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- бой өсіп, салмақ қосылып, бұлшық еттер дамиды
- жыныс мүшелері өсіп, тұқым жаю қабілетіне ие болады
- дауыс жуандайды
- терідегі май бездер белсендірек істей бастағаны себепті бетке безеулер қаптап кетуі мүмкін
- тер бездері дамиды
- қолтық асты және қасаға түгі өсе бастайды
- көңіл-күй жиі-жиі өзгеріп тұруы мүмкін
- қарсы жынысқа тартатын күшті сезіле бастайды
Қыздарға әсер ететін өзгерістер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- емшек өсіп, емшек ұштары ілгері созыла бастайды, бұл ауыртпалы болуы мүмкін
- сандары жұмырланады
- жыныс мүшелері дамып, аналық бездері аналық жасушаларды өндіріп шығара бастайды
- жыныстық жетілудің соңғы сатысында етеккір басталады
Ұл балаларға әсер ететін өзгерістер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- кеуде мен иықтары дамиды
- бетке сақал-мұрт өсе бастайды, кеудеде кейде түк пайда болуы мүмкін
- аталық жыныс мүшесі мен аталық бездері ісіп, үлкейеді; аталық бездер ұмаға түсіп, сперматозоидтарды өндіріп шығара бастайды
- аталық жыныс мүшесінің қан тамырлары қанға толғаны себепті эрекция, яни аталық жыныс мушесінің қатаюы жиі-жиі және күтпеген жерде пайда болады
- кейде ұйықтап жатқанда аталық жыныс мүшесі
қатайып, шәуһеттің шашырауы пайда болуы мүмкін [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |