Мазмұнға өту

Жебе ноян

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жебе ноян

Жебе ноян (XII - XIII ғасырларда өмір сүрген) - Шыңғыс ханның ең сенімді қолбасшыларының бірі.

Азан шақырып қойған аты - Жорғатай. Жорғатай исут руынан шыққан. Исут руы Жебенің жас күнінде - ақ, тайшуттық Жамұхаға тәуелді болған.

Жебе ноян алғашқы кездері бірнеше жыл Шыңғыс ханға қарсылас та болған, бірақ кейіннен сенімді қолбасшыға айналды. Оның Жебе аталуы жөнінде аңыз да бар. Бірде тайшуттармен шайқаста, Шыңғыс ханның астындағы аты садақ жебесі тиіп жалп етіп құлайды. Жебенің иесі Жорғатай екен. Кейін қолға түскен Жорғатай шірене тартқан жебесімен Шыңғыс ханның астындағы атын атып құлатқанын мойындайды. Тұтқында жатқан ол: "...Егер сен мені өлтіруге бұйырсаң, жерді босқа былғап әуре боласың. Ал, мені тірі қалдырар болсаң, мен сенің адамыңның бірі боламын. Сен үшін терең суды қақ айырып, қатты тасты уатып - ақ берермін", - деген екен. Жебе де, Сүбедей сияқты, Жамұханың ең сенімді қолбасшысы болатын. Сондықтан, Шыңғыс хан ол екеуін бірі - бірінен жарып қарамай, қатар қоятын. 1224 жылғы Қалқа өзеніндегі шайқаста және Кавказ жеріндегі жорықтардан жеңіспен оралған Жебе мен Сүбедей қайтар жолда Жайық өзенінің оңтүстігін жағалай жүріп отырып, сол маңдағы қаңлы жұртын жаулап (қазіргі Қазақстанның солтүстігі) алды. Осы бағытпен Үлкен Ордаға қарай қайтар жолда Каспий теңізінің солтүстігінен айнала бере, сол жерде Жебе ауырып қайтыс болады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Алтын Орда: Қазақ хандығы (I бөлім). Қазақстан балалар энциклопедиясы / Т. Жұмаханов, Б. Жұматаев, Т. Шаңбай. - Алматы: "Аруна" баспасы, 2007. - 224 бет, илл. ISBN 9965-26-042-7