Мазмұнға өту

Жамқұршы би

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жамқұршы (туған-өлген жылдары белгісіз) — Ноғай ұлысының билеушісі, Едіге бидің 3-шөбересі. Жамқұршы мен ағасы (кейбір деректерде інісі) Мұса екеуі 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде елеулі рөл атқарған. Ол Ибақ хан, Жәнібек, Бүреке сұлтандарды бастап, Әбілқайырдың баласы Шейх Хайдар ханға қарсы жорықтар ұйымдастырған. Оның Мұсамен біріккен күштері 1487 жылы Дон өзенінің сағасында Алтын Орда ханы Ахметке ойсырата соққы берген. Жамқұршы және Мұса ұрпақтары 16 ғасырда қазақ халқының тарихында елеулі рөл атқарды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Әдебиет: Ахмедов Б.А., Государство кочевых узбеков, М., 1965; Материалы по истории казахских ханств XV — XVҚҚҚ вв., А.-А., 1969.