Жаманша
Көрініс
Жаманша өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 73 км |
Су алабы | Ойыл алабы |
Су ағысы | |
Бастауы | Жарыпшыққан өзені |
• Координаттары | 48°34′31″N 53°26′59″E / 48.57528°N 53.44972°E |
Сағасы | Бөлекаяқ көлі |
• Координаттары | 48°17′29″N 53°03′28″E / 48.29139°N 53.05778°E |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Атырау облысы Қызылқоға ауданы |
Жаманша – Ойыл алабындағы өзен.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Атырау облысы Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 73 км.
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тайсойған құмындағы Жарыпшыққан өзенінен Тайсойған ауылының тұсында бөлініп шығып, Каспий маңы ойпатындағы Бөлекаяқ көліне құяды.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жауын-шашын және Ойыл өзені суымен толығады. Табаны кең әрі тегіс, таяз. Арнасының басым бөлігі желдің әсерінен құмға толған. Құм төбелер мен құм шағылдары арнасына өте жақын.[1]