Мазмұнға өту

Донецк облысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Донецк облысы
укр. Донецька область
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Украина

Енеді

8 аудан

Әкімшілік орталығы

Донецк (де-юре, 1938–, 2014 жылға дейін де-факто)
Краматорск (де-факто, қазан 2014–)
Мариуполь (де-факто, маусым–қазан 2014)

Донецк облыстық әскери-азаматтық әкімшілігінің төрағасы

Ігор Мороз (м.а.)

Тарихы мен географиясы
Координаттары

48°08′ с. е. 37°44′ ш. б. / 48.14° с. е. 37.74° ш. б. / 48.14; 37.74 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°08′ с. е. 37°44′ ш. б. / 48.14° с. е. 37.74° ш. б. / 48.14; 37.74 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

2 маусым 1932

Жер аумағы

26,517[1] км² (4,39 %, 11 орын)

Уақыт белдеуі

UTC+2 (EET)
UTC+3 (жазғы уақыты)

Ірі қаласы

Донецк

Басқа ірі қалалары

Донецк, Макеевка, Горловка, Краматорск, Славянск, Енакиево, Бахмут

Тұрғындары
Тұрғыны

4,059,372[2] адам (2022)(1 орын)

Ұлттық құрамы

украиндар (56.9%), орыстар (38.2%), понттық гректер (1.6%), беларустар (0.9%) және басқалары

Ресми тілі

украин

Сандық идентификаторлары
ISO 3166-2 коды

UA-14

Телефон коды

+380-62

Пошта индекстері

83000–87999

Автомобиль коды

05, АН

dn.gov.ua  (укр.)

Донецк облысы картада

Донецк облысы Ортаққорда Координаттар: 48°08′ с. е. 37°44′ ш. б. / 48.14° с. е. 37.74° ш. б. / 48.14; 37.74 (G) (O) (Я)

Донецк облысы (укр. Доне́цька о́бласть) — Украина оңтүстік-шығысындағы облысы. Ол 1932 жылдың 2 шілдесінде құрылды. 1932 жылдан 1961 жылға дейін ол Сталин облысы деп аталды және өзінің қазіргі шекарасын 1938 жылы 3 маусымда алды.[3]

2014 жылдың сәуірінде Украинадағы саяси дағдарыстың ушығуы нәтижесінде облыс аумағында жартылай мойындалған Донецк Халық Республикасы болып жарияланды.[4][5] Облыстың бір бөлігі, соның ішінде Донецк атты орталығы Ресей әскерімен жауланған себебінен облыстың қазіргі әкімшілік орталығы Краматорск қаласында орналасқан.

Донецк облыстық кеңесінің ғимараты, Донецк, 2008

Кеңестік тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Донецк облысы құрылғанға дейін оның аумағында 1923 жылдан 1930 жылға дейін үш аудан (округа) болды. 1925 жылы Донецк губернаторлығы ыдырады. 1932 жылдың 2 шілдесінде Кеңестік Украина құрамында Сталин облысы құрылды. 16 шілде күні облыс орталығы болып Сталино (қазіргі Донецк) қаласы таңдалды. 1938 жылға дейін Донецк облысы қазіргі Донецк облысы мен Луганск облысының аумақтарын қамтыды. 1938 жылы ол маусымда Сталино облысы (қазіргі Донецк облысы) және Ворошиловград облысы (қазіргі Луганск облысы) болып екіге бөлінді.

1941 жылдың күзінен 1943 жылдың күзіне дейін фашистік неміс басқыншылығы кезінде Донецк облысы Юзовка облысы (Донецктің бастапқы атауымен) деп аталды.

Кеңес Одағындағы десталинизация саясатының бір бөлігі ретінде 1961 жылы Сталино және Сталин облысы Донецк және Донецк облысы болып өзгертілді.

Кеңес Одағы ыдыраған кезде 1991 жылғы референдумда Донецк облысындағы сайлаушылардың 83,9% Украинаның тәуелсіздік жариялауын қолдаған.[6]

Тәуелсіз Украинадағы тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1990 жылдардың ортасында бұл аймақ қылмыстық әрекеттердің күшейгенімен, оның ішінде Әхәт Брагин мен Євген Щербан сияқты танымал бизнесмендердің өлтірілуімен белгілі болды.

Ресей-Украина дағдарысы (2014–2022)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Донецк облысы елдің басты про-ресейлік партиясы, Аймақтар партиясының басты орталығы болды. Партия 2002 жылы үкімет құрамына кірді де, саясатта аса қуатты болған «Донецк саяси кланының» негізін салған.

2004 жылдың соңында Аймақтар партиясы Донецк облысын қосатын Оңтүстік-Шығыс Украина Автономиялық Республикасы деген саяси жобаны құруға қатысты. Ресей үкіметімен тығыз байланыста болған Аймақтар партиясы жергілікті коммунистермен және басқа ресейшіл белсенділермен бірге ресейшіл толқуларды тудырды, олар кейінірек Донбастағы соғысқа ұласты. 2014 жылдың мамыр айында Украина үкіметі Донецк облысындағы Ресеймен шекарасын бақылаудан айырылды. Қазір облыстың шығыс бөлігін Ресей басып алған.

Ресейдің Украинаға басып кіруі (2022–)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2022 жылдың 30 қыркүйегінде Ресей Донецк (ДХР), Луганск (Луганск Халық Республикасы), Запорожье және Херсон облыстарын аннексиялады. Кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы елдерді «заңсыз аннексиялау әрекеті» деп сипаттаған бұл әрекетті мойындамауға шақыратын резолюция қабылдады, Ресейден «жедел, толық және сөзсіз кетуін» талап етті[7] және әлемнің көптеген елдері бұл аннексияны мойындамады. 2022 жылдың аяғында облыс қарама-қарсы тараптар арасында шамамен тең бөлінген.

Әкімшілік-аумақтық құрылысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыс 8 түрлі ауданға және 28 бірдей деңгейлі муниципалитетке (22 қалалық рада, 6 облыстық маңызы бар қала) бөлінген. Төменде барлығының тізімі берілген:      2001 жылғы және 2012 жылғы санақтарда осы аудандардың халық саны жүргізілмеген.

Туы Елтаңбасы Атауы Украинша атауы Ауданы
(км2)
Халық саны
2001 Санақ
Халық саны
(Болжалды саны)
1 қаңтар 2012
Халық саны
(Болжалды саны)[8]
1 қаңтар 2021
Халық саны
(Болжалды саны)[9]
1 қаңтар 2022
Әкімш.орт.
Авдеевка Авдіївка (місто) 29 37,237 35,257 31,940 31,392
Бахмут Бахмут (Міськрада) 74 113,785 104,631 72,310 71,094 Бахмут
Чистяково Чистякове (Міськрада) 105 96,026 81,761 53,725 53,462 Чистяково
Дебальцево Дебальцеве (Міськрада) 38 53,412 46,302 24,316 24,209 Дебальцево
Доброполье Добропілля (Міськрада) 119 72,817 63,938 28,757 28,170 Доброполье
Докучаевск Докучаївськ (Міськрада) 47 25,024 24,506 22,907 22,835 Докучаевск
Донецк Донецьк (Міськрада) 571 1,024,678 971,096 905,364 901,645 Донецк
Дружовка Дружківка (Міськрада) 23 75,006 70,126 55,088 53,977 Дружовка
Горловка Горлівка (Міськрада) 422 312,284 279,500 241,106 239,828 Горловка
Харцызск Харцизьк (Міськрада) 207 113,685 105,104 56,367 56,182 Харцызск
Кировское Кіровське (місто) 7 31,041 28,470 27,441 27,370
Константиновка Костянтинівка (місто) 66 94,886 78,114 68,792 67,350
Краматорск Краматорськ (Міськрада) 356 215,729 199,020 150,084 147,145 Краматорск
Лиман Лиман (Міськрада) 192 28,996 23,740 20,469 20,066 Лиман
Макеевка Макіївка (Міськрада) 426 431,023 394,604 340,337 338,968 Макеевка
Мариуполь Маріуполь (Міськрада) 244 510,835 486,320 431,859 425,681 Мариуполь
Мирноград Мирноград (Міськрада) 20 56,702 50,995 46,904 46,098 Мирноград
Новогродовка Новогродівка (місто) 6 17,559 15,560 14,300 14,037
Покровск Покровськ (Міськрада) 39 82,830 77,891 61,161 60,127 Покровск
Селидово Селидове (Міськрада) 108 62,819 54,626 21,916 21,521 Селидово
Шахтёрск Шахтарськ (Міськрада) 51 72,711 61,234 48,404 48,208 Шахтёрск
Славянск Слов'янськ (Міськрада) 74 142,873 138,450 106,972 105,141 Славянск
Снежное Сніжне (Міськрада) 189 83,046 71,277 45,966 45,767 Снежное
Торецк Торецьк (Міськрада) 62 86,281 74,435 31,513 30,914 Торецк
Угледар Вугледар (місто) 5 17,518 15,477 14,432 14,144
Ясиноватая Яcинувата (місто) 19 36,903 35,843 34,269 34,144
Енакиево Єнакієве (Міськрада) 425 162,778 132,110 77,053 76,673 Енакиево
Ждановка Жданівка (Міськрада) 2 14,375 13,377 11,913 11,867 Ждановка
Бахмут (аудан) Бахмутський (район) 1,747.6 54,065 45,367 224,528 220,275 Бахмут
Донецк (аудан) Донецький (район) 2,895.1
1,490,301 1,484,514 Донецк
Горловка (аудан) Горлівський (район) 2,468.4
664,949 662,069 Горловка
Кальмиусское (аудан) Кальміуський (район) 3,132.6
121,234 120,769 Кальмиусское
Краматорск (аудан) Краматорський (район) 5,186.3
553,559 543,371 Краматорск
Мариуполь (аудан) Маріупольський (район) 2,623.8
510,425 502,909 Мариуполь
Покровск (аудан) Покровський (район) 4,020.0 37,567 32,439 393,487 386,451 Покровск
Волноваха (аудан) Волноваський (район) 4,449.1 92,489 84,579 141,797 139,014 Волноваха
Жалпы облысы Донецька (Область) 26,517 4,825,563 4,403,178 4,100,280 4,059,372 Донецк

Облыстың екінші бөлімі олардың кеңестерімен басқарылатын әртүрлі муниципалитеттерден тұрады. Бұл муниципалитеттер бір немесе бірнеше елді мекендерден тұруы мүмкін. Барлығы әкімшілік жағынан өздері орналасқан ауданға бағынады.

Төмендегі деректер Донецк облысының екінші деңгейлі әкімшілік бөлімшелерінің әрбір түрінің санын қамтиды:

  • Жалпы елді-мекендері – 1,283, соның ішінде:
    • Ауылдары – 1,124;
    • Қалалары – 159, соның ішінде:
      • Кенттері – 131;
      • Аудандық бағыныстағы қалалары – 24;
  • сельсоветтерібелгісіз.
Донецк облысының картасы. Картадағы аудандарды тінуірмен шертіп, олардың мақаласын көруге болады.
КраматорскБахмутГорловкаДонецкКальмиусскоеМариупольВолновахаПокровск

Облыстың жергілікті әкімшілікті Донецк облыстық радасы (кеңесі) басқарады. Донецк облысының «әкімі» Донецк облысы әкімшілігінің төрағасы деп аталады, оны Украина президенті тағайындайды.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Физикалық-географиялық орналасуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оңтүстік-батыста және батыста облыс Украинаның Днепропетровск және Запорожье облыстарымен, солтүстік-батыста Харьков облысымен, солтүстік-шығыста Луганск облысымен, оңтүстік-шығыста Ресейдің Ростов облысымен шектеседі.

Облыстың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы — 255 км, батыстан шығысқа қарай — 180 км. Облыстың шекараларының жалпы ұзындығы — 1526 км, оның ішінде: құрлық — 1376 км, теңіз — 140 км. Аймақтың ең биік жері — атауы жоқ, биіктігі 336 м, Дебальцевтегі №3 платформа және метеорологиялық платформаның жанында орналасқан нүктесі, ең төменгі жер (.40,4 м) — Азов теңізіндегі су деңгейі.

2015 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша облыс халқы 4,288,258 адамды құрады[10] (бұл 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 32,563 адамға аз). 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыстың 4,997,200 тұрғынының 3895,600 адамы (90,84%) қалалық жерлерде, ал 401,600 адам (9,16%) ауылдық жерлерде өмір сүрді.[11] Тұрақты халық саны — 4,284.4 мың адам, оның ішінде қала халқы — 3,879.7 адам (90.55%), ауыл халқы - 404,700 адам (9.45%). Облыс орталығының тұрғындары 952,100 адамды құрады (облыс халқының 22.16%).

2001 жылғы халық санағы бойынша, облыс халқының 74.9%-ы орыс тілін өз ана тілі деп атады. 1989 жылғы алдыңғы халық санағымен салыстырғанда, өздерін этникалық орыс деп санайтын адамдар санының азаюына қарамастан, бұл көрсеткіш 7.2 пайыздық тармаққа өсті. Өз кезегінде облыс тұрғындарының 24,1% украин тілін ана тілі деп санады, бұл алдыңғы санақ бойынша 6.5 пайыздық тармаққа аз. Санақ жүргізу кезеңінде ана тілі ретінде көрсетілген басқа тілдердің үлесі 1.7%-дан 1%-ға дейін төмендеді.[12] 2012 жылы мемлекеттік тіл саясатының негіздері туралы заң қабылданғаннан кейін орыс тілі аймақта аймақтық мәртебеге ие болды. 2018 жылдың 28 ақпанында заң конституциялық емес деп танылды және күшін жоғалтты.[13]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Статистичний збірник «Регіони України» 2016. Частина І  (укр.). Украина Мемлекеттік статистика қызметі.
  2. KALATUR, Anastasia Donetsk Region: Almost three quarters of the population left - regional head  (ағыл.). Українська правда (22 April 2022). Тексерілді, 27 қыркүйек 2023.
  3. Донеччани підтримують поліцію: власники маріупольської кав’ярні долучилися до руху «Тонка синя лінія»  (укр.). police.dn.ua. Тексерілді, 8 қазан 2018..
  4. Что навоевали в Донбассе за первую неделю после выборов  (орыс.). Slon.ru (2 июня 2014).
  5. Самовооруженная республика  (орыс.). Коммерсантъ (2 июня 2014).
  6. INDEPENDENCE: Over 90% vote yes in referendum; Kravchuk elected president of Ukraine. The Ukrainian Weekly (8 желтоқсан 1991). Тексерілді, 28 қыркүйек 2023. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  7. Ukraine: UN General Assembly demands Russia reverse course on ‘attempted illegal annexation’. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми сайты (12 қараша 2022). Тексерілді, 28 қыркүйек 2023.
  8. Чисельність наявного населення України  (укр.). Украина мемлекеттік статистика қызметі. Тексерілді, 10 сәуір 2022. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  9. Чисельність наявного населення України на 1 січня 2022 — Украина мемлекеттік статистика қызметі.
  10. Чисельність населення (за оцінкою) на 1 квітня 2015 року  (укр.). Донецк облысының статистика бас қызметі (1 шілде 2015). Тексерілді, 29 қыркүйек 2023.
  11. Чисельність населення (за оцінкою) на 1 січня 2015 року  (укр.). Донецк облысының статистика бас қызметі. Тексерілді, 29 қыркүйек 2023.
  12. Численность и состав населения Луганской области по итогам Всеукраинской переписи населения 2001 года  (орыс.). Украина мемлекеттік статистика комитеті. Тексерілді, 29 қыркүйек 2023.
  13. Рішення Конституційного суду України у справі за конституційним поданням 57 народних депутатів України щодо відповідності Конституції України (конституційності) Закону України «Про засади державної мовної політики»  (укр.). Украина Конституциялық сотының шешімі. Тексерілді, 29 қыркүйек 2023.
  14. Области награждённые Орденом Ленина  (орыс.). Форум Фалеристика (12 мая 2013). Тексерілді, 29 қыркүйек 2023.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]