Дирекшен
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Дирекшен аралы —Аустралия аумағында орналасқан Үнді мұхитындағы Кокос аралдарындағы адам тұрмайтын арал. Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс кездері арал телекоммуникация және радиостанциялар үшін маңызды рөл атқарған.
Орналасуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Арал Солтүстік Килинг аралдарынан оңтүстік шығысқа 28 км, Перттан солтүстік батысқа 2930 км, Дарвиннан батысқа қарай 3690 км, Рождество аралынан оңтүстік батысқа 960 км, Ява және Суматра аралдарынан оңтүстік батысқа 1000 км жерде орналасқан.
Бірінші Дүниежүзілік соғыс
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1914 жылдың 9 қарашасында Бірінші дүниежүзілік соғыс Кокос аралдарының маңында болған еді. Неміс жеңіл крейсері «Эмден» Британ кабельді станциясына Дайрекшен аралында шабуыл жасаған. Үнді мұхиты арқылы коммуникация байланысының Дайрекшен аралындағы кабельді радиостанциясы Антанта үшін өте маңызды болған.