Григорий Михайлович Кравцов
Григорий Михайлович Кравцов (14.03.1922, Қостанай облысы, Фёдоров ауданы, Кравцов ауылы - 14.1.1945, Люблин воеводствосы, Польша) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, рота командирі.
Кеңес әскері қатарына Фёдоров ауданы әскери комиссариатынан шақырылды. 1941 жылы Омбы әуе мектебін бітірді. Майданға саяси қызметкер ретінде барды. 1943 жылдың маусымында Приволжье әскери округінің «Смерш» қарсы барлау бөліміне оперативтік өкіл ретінде жіберілді. 1944 жылдың тамыз айында Кравцов өзінің жеке сұранысы бойынша оперативті өкіл ретінде 69-армия, 134-атқыштар дивизиясына барды. 1945 жылдың 14 қаңтарында жаудың ішкі қорғанысын бұзып өту кезіндегі ұрыста болды. Жаудың қарсы шабуылы сәтінде айып ротасының командирі жараланып, қатардан шығып қалды. Ротаны Кравцов өз қолына алып, тәртіпті ретке келтірді. Осы ұрыста жау снаряды Кравцовқа тиіп, сол жерде қаза болды. Кравцовқа батырлығы мен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (6.4.1945).
Қазір Фёдоров ауданындағы Старожиловка ауылы, аудан орталығы Федоровка кентіндегі бір көше Кравцовтың есімімен аталады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
- 14 наурызда туғандар
- 1922 жылы туғандар
- Фёдоров ауданында (Қостанай облысы) туғандар
- 14 қаңтарда қайтыс болғандар
- 1945 жылы қайтыс болғандар
- Люблин воеводствосында қайтыс болғандар
- КСРО лейтенанттары
- Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар
- Кеңес Одағының батырлары
- Ленин орденінің иегерлері
- II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері
- КОКП мүшелері
- Ұлы Отан соғысы барлаушылары