Мазмұнға өту

Гертруда Элайон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Гертруда Белл Элайон
Gertrude Belle Elion  (ағыл.)
Туған күні

23 қаңтар 1918 (1918-01-23)

Туған жері

Нью-Йорк

Қайтыс болған күні

21 ақпан 1999 (1999-02-21) (81 жас)

Қайтыс болған жері

Чапел-Хилл, Солтүстік Каролина

Азаматтығы

АҚШ

Ғылыми аясы

Биохимия, фармакология

Жұмыс орны

Бороу-Веллкам фармацевтикалық компаниясы

Альма-матер

Нью-Йорк университеті

Ғылыми жетекші

Джордж Хитчингс

Марапаттары


Нобель сыйлығы Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1988)
Лемельсон жүлдесі (1997)

Гертруда Белл Элайон (ағылш. Gertrude Belle Elion; 23 қаңтар 1918 жылы, Нью-Йорк, АҚШ — 21 ақпан 1999 жылы, Чапел-Хилл, Солтүстік Каролина, АҚШ) — американдық биохимик және фармаколог. 1988 жылы Элайон Джеймс Блэкпен және оның көп жылғы жетекшісі Джордж Хитчингспен бірге «дәрілік терапияның маңызды принциптерін ашқаны үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.

Гертруда Элайон 1918 жылы 23 қаңтарда Нью-Йоркте еврей иммигранттарының отбасында (оның әкесі 12 жасында Литвадан иммиграциялаған, ал анасы 14 жасында — Ресейден) келген. Хантер колледжін бітіріп, бакалавриатты 1937 жылы алды, және Нью-Йорк университетін химия мамандығы бойынша 1941 жылы бітірді. Кейін лаборант және мұғалім болып, Бороу-Веллкам (қазір GlaxoSmithKline) фармацевтикалық компаниясында Джордж Хитчингстың ассистенті болғанша жұмыс істеді. Элайон әйел болған соң аспирантураға түсе алмады және кейінірек Джордж Вашингтон университетінің құрметті философия докторы дәрежесін алғанмен, дегенмен ресми Ph.D. үшін диссертациясын ешқашан қорғаған жоқ.

Элайон тапқан дәрілік препараттардың арасында, меркаптопурин (антилейкемиялық препарат), иммуносупрессор азатиоприн, аллопуринол (подагра кезінде қолданылады), безгекке қарсы пириметамин препараттар, триметоприм, ацикловир (герпесті емдеу үшін қолданылатын антивирустық препарат) бар.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Үлгі:Библиоақпарат