Герта Мюллер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Герта Мюллер
Herta Müller
Туған күні

17 тамыз 1953 (1953-08-17) (71 жас)

Туған жері

Ницкидорф, Банат, Румыния

Азаматтығы

 Румыния
 Германия

Мансабы

жазушы, ақын, суретші

Шығармашылық жылдары

1976 жылдан бастап

Бағыты

әлем әдебиеті

Жанры

роман, поэзия, эссе

Шығармалардың тілі

неміс

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Герта Мюллер (нем. Herta Müller, 17 тамыз 1953, Ницкидорф, Банат, Румыния) — неміс ақыны және жазушысы, қоғам қайраткері, суретші[1]. 2009 жылғы Әдебиет саласындағы "поэзияға көңіл бөлу және прозадағы шынайылық аз қамтылған адамдардың өмірін сипаттайды” атты тұжырымдамасымен[2] Нобель сыйлығының лауреат иегері.

Ол Румынияның[3] неміс топтарының біріне жататын отбасында дүниеге келді (Банат швабтары деп аталады). Оның атасы фермер және саудагер болған, әкесі СС соғыс кезінде әскерде қызмет еткен. Румынияны Кеңес әскерлері жаулап алғаннан кейін анасы неміс ретінде Украинадағы лагерьге жер аударылды, 1950 жылы босатылды.

Герта Тимишоарадағы университетті бітірді (West University of Timişoara), онда румын және неміс әдебиетін оқыды. 1976 жылдан бастап зауытта аудармашы болып қызмет етті, 1979 жылы Секуритатте құпия полициясымен жұмыс істеуден бас тартқаны үшін жұмысынан айрылды.

Гертa балабақшада жұмыс істеп, неміс тілінен жеке сабақ берді. 1982 жылы ол неміс тілінде көркі румын цензурасымен бұзылған алғашқы "Низиндер" кітабын шығарды (1984 жылы кітаптың толық мәтіні Германияда жарық көрді және бірқатар марапаттарға ие болды).

1987 жылы күйеуі, жазушы Ричард Вагнермен бірге Германияға көшіп, Батыс Берлинге қоныстанды. ГФР, АҚШ және т.б. көптеген университеттерде дәріс оқыды. Ол белсенді анти-коммунистік қоғамдық ұстанымға ие. 1997 жылы осы ұйымның бұрынғы ГДР ПЕН-клубының филиалымен бірігуіне наразылық білдіріп, Герман ПЕН-клубынан кетті.[4]

Шығармалары:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Романдары

  • 1987: “Төлқұжат” (нем. Der Mensch ist ein großer Fasan auf der Welt)
  • 1989: “Бір аяқпен саяхат” (нем. Reisende auf einem Bein)
  • 1992: Түлкі сол кезде аңшы болған” (нем. Reisende auf einem Beinx)
  • 1994: “Тас жүрек” (нем. Herztier)
  • 1997: “Бүгін сені кездестірмегендімде” (нем. Heute wär ich mir lieber nicht begegnet)
  • “Терең дем ал” (нем. Atemschaukel)

Поэзиялары

  • 2000: “Бөгет басты назарда” нем. Im Haarknoten wohnt eine Dame
  • 2019: “Көк бөлме сағынышпен (Мюнхен: Карл Ханзер Верлаг) (нем. Im Heimweh ist ein blauer Saal) (München: Carl Hanser Verlag)

Проза және эссе жинақтары

  • 1982: “Низина” (нем. Niederungen)
  • 1984: “Көңілсіз танго” (нем. Drückender Tango )
  • 1987: “Жалаң аяқ ақпан” (нем. Barfüßiger Februar)
  • 1990: “Қабылдау өзін қалай ойлап табады” (нем. Wie Wahrnehmung sich erfindet)
  • 1991: “Шайтан айнада” (нем. Der Teufel sitzt im Spiegel)
  • 1992: “Ыстық тамақ - жылы төсек” (нем. Eine warme Kartoffel ist ein warmes Bett)
  • 1993: “Күзетші тарақты алады” (нем. Der Wächter nimmt seinen Kamm)
  • 1995: “Ашаршылық пен жібек мата” (нем. Hunger und Seide)
  • 1996: “Қақпанда” (нем. In der Falle)
  • 2003: “Патша тағзым етеді және өлтіреді” (нем. Der König verneigt sich und tötet)

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы (2009)
  • Adam Müller-Guttenbrunn-Förderpreis (1981)
  • Premiul UTC la secțiunea „lucrări în limbile naționalităților conlocuitoare(1982)
  • Әдеби сыйлық аспектілері (1984)
  • Раурис әдеби сыйлығы (1985)
  • Förderpreis zum Literaturpreis der Stadt Bremen (1985, 1985)
  • Marieluise-Fleißer-Preis (1989) Deutscher Sprachpreis (1989, 1989)
  • Росвита сыйлығы (1990)
  • Кранинштайн әдеби сыйлығы (1991)
  • Неміс сыншылары сыйлығы (1992)
  • Генрих Клейст сыйлығы (1994)
  • Aristeion Prize (1995)
  • Ида Демел әдеби сыйлығы (1998)
  • Дублин әдеби сыйлығы(1998)
  • Франца Кафки сыйлағы (1999)
  • Цицеронның шешендік сыйлығы (2001)
  • Tübinger Poetik-Dozentur (2001)
  • Карл Цукмайер медалі (2002)
  • Джозеф Брейтбах сыйлығы(2003)
  • Literaturpreis der Konrad-Adenauer-Stiftung (2004)
  • Берлин әдеби сыйлығы (2005)
  • Würth-Preis für Europäische Literatur (2006)
  • Уолтер Газенклевердің әдеби сыйлығы(2006)
  • Ehrengabe der Heinrich-Heine-Gesellschaft (2009)
  • Franz Werfel Human Rights Award (2011)
  • Hoffmann von Fallersleben Prize (2010)
  • Самуэль Богумил Линда сыйлығы (2011)
  • Монисмания сыйлығы (2011)
  • Берген қалалық хатшысы (1995, 1996)
  • Ricarda-Huch-Preis (1987)
  • Үздік аударма кітабы үшін сыйлық (2013)
  • Hannelore Greve literature award (2014)
  • Генрих Белл сыйлығы (2015)
  • Ойген Когон сыйлығы (22 наурыз 2019)
  • Ағайынды Гримм поэзия профессоры (1998)
  • Тюбинген университетінің Фридрих Гельдерлин сыйлығы (2015)
  • Йена университетінің құрметті докторы

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]