Валентин Анатольевич Смирнов
Валентин Анатольевич Смирнов (28.12.1926, Смоленск облысы Сычев- ка қ. - 1994) - ақын, аудармашы. Шахта Құрылысы ұйымдарында проходчик, "Алтай-свинецшахтострой" тресінде комсорг, "Лениногорская правда" газетінде бөлім меңгерушісі болып істеген. Көп жылдар бойы республикалық "Ленинская смена", "Казахстанская правда" газеттерінде журналистік қызметте болды. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Бірнеше өлеңдер жинағының авторы. Таңдаулы өлеңдері Әлем әдебиеті институты шығаратын "Литературное наследство" жинағының 72-томына енген. І. Жансүгіровтің, Т. Жароковтың, Қ. Сатыбалдиннің, Д. Әбіловтің, К. Бекхожиннің бірқатар шығармаларын орыс тіліне аударған. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|