Бластула
Бластула (грек, blastos — ұрық, өскін) — бөлшектену процесі нәтижесінде пайда болған қуысты ұрық. Бластуланың құрылысы мен пішіні жануарлардың түрлеріне байланысты әртүрлі болады. Бластуланың бластомерлерден (ұрық жасушаларынан) құралған қабырғасы - бластодерма (грек, blastos және derma - тері, қабық), ішіндегі қуысын — біріншілік дене қуысы немесе бластоцель (грек, blastos және koilos — қуыс, қуысты) дейді. Ұрықтың жоғарғы анимальды полюсінде орналасқан бластомерлер бластодерма төбесін, ал төменгі вегетативті полюсіндегі бластомерлер бластодерма түбін құрайды. Олардың арасындағы бластомерлерден қүралған аймақты жиекті аймақ деп атайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |