Мазмұнға өту

Белбеу соқты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Белбеу соқты - ересек ер адамдар ойнайтын ұлттық ойын түрі. Ойынға жиналғандар бір жерге дөңгелене шеңбер жасап отырып, бір құлаштай таяқты алып, біреуі бір ұшынан, келесісі оның таяқ ұстаған уысының үстінен, одан кейінгілері сол ретпен бірінің үстінен бірі ұстап, таяқтың соңын ұстап қалған адам ойынды бастаушы болып ортаға шығады. Яғни ойынды кім бастау керек екендігі осындай ұстасу жолымен белтіленеді.

Ойын бастаушы ортаға шығады. Алқалай отырған қатысушылардың бірі ойын үшін алынған белбеу немесе орамалды алып, ортадағы теріс қарап тұрған адамның арқасынан салып қалады да, қолын артына қайырып отыра қалады. Басқалары да сол сәтте қолдарын қайырып, арт жағына тығып отырады. Ортадағы адам өзін ұрған сәтте белбеуді ұстап қалуға тырысуы керек. Ал ұрған адам белбеуді тез тартып алып, басқа ойыншыға беруі тиіс. Белбеу әрдайым қолдан қолға әр бағытта көшіп отырады. Егер ортадағы ойыншы белбеуді ұстап үлгерсе, онда белбеуді алдырып қойған ойыншымен орын ауыстырады. Егер ала алмай қалса, ойын әрі қарай жалғаса береді. Белбеу соқты ойыны жастардың бас қосқан жиындарында көп ойналатын болған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2